8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қараша 2020 834 0
Қоғам

ОТБАСЫ РӨЛІН АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ

9 қараша күні Орал қаласы әкімдігі жанындағы отбасылық-демографиялық саясат және әйелдер істері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Кезекті кеңестің  басқосуы онлайн форматында ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2019-2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының атқарылуы туралы баяндалды.  

Жыл басынан бері қаладағы АХАТ бөлімінде 1 855 жұптың некеге тұрғаны тіркелген, ажырасқандар – 322 жұп. Бұл некелескендердің 43 пайызына сәйкес келеді. 2019 жылы да бұл көрсеткіш 43 пайыз болған. Ол уақытта некелесушілер 3 266 жұп болса, 1 406 шаңырақ бұзылған екен.

Азаматтық істер бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес 2020 жылдың он айында ажырасу бойынша түскен істер саны 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда көбейіп отыр. Өткен жылдың қазан айында 1 255 ажырасу болған болса, биыл 1 855-ке  жеткен. Сондай-ақ былтыр 217 жұп татуласқан, биыл 78 жұп қана ойланып, отбасын сақтап қалуды шешкен.

2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2019-2020 жылға арналған іс-шаралардың жүргізілуі туралы баяндаған қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Анаргүл Сисенованың айтуынша, Орал қаласының №2 сотының бастамасымен АХАТ бөлімі, қоғамдық ұйым өкілдері, психологтардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, семинарлар, психологтардың жұптармен әңгімелесуі ұйымдастырылуда. Неке бұзылудың негізгі себептеріне  әдетте талап-арыз берушілер «мінезіміз келіспеді» деп көрсетеді екен. Шын мәнінде сот процесі кезінде басқа  себептер анықталады. Сала мамандары некенің  бұзыулына бірден бір себеп – ерлі-зайыптылардың бірінің  ішімдікке салынуы екенін келтіріп отыр. Сондай-ақ көзге шөп салу, екі жас арасындағы сезімнің өшуі, оған себеп болатын үшінші адамның, яғни тума-туыстардың ортаға түсуі, перзенттің болмауы және ажырасуға деген көзқарастың өзгеруі да көп жағдайда  некенің бұзылуына  әкелуде.

– 2019 жылдың сәуірінде ажырасу бірден артып, 65 пайызды құраған болатын. Осы ретте  қала әкімдігінің шешімімен қоғамдағы отбасы рөлін арттыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды. АХАТ бөліміне некелесуге өтінім берген болашақ жұптар немесе ажырасуға өтінім бергендер тренингке шақырылып, Орал қаласы ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында семинарлар жүргізілді. Дегенмен, жұптардың жеке жағдайларына байланысты семинарларға толық қамту мүмкін болған жоқ. Некеге отыруға өтініш берген жастар мен некелерін бұзуға ниет білдіргендерге психологиялық және консультативтік көмек көрсететін орталық ашылды. Оған психологтар, медициналық қызметкерлер, ақсақалдар кеңесі, АХАТ бөлімі қызметкерлері, Үкіметтік емес ұйым өкілері, сот және медиаторлар мен мүдделі тараптар тартылды.  Карантиндік жағдайға байналынысты бірқатар семинарлар онлайн форматта жүргізілді. Консультациялар онлайн және оффлайн форматта көрсетілді. Консультациялар кезінде кейбір жұптарға татуласу үшін уақыт беру ұсынылды. Бірақ, бірақатар жұптардың татуласуға мүлде ниеттері болмады. Мәселен, №2 қалалық сотта ұйымдастырылған кезекшілік уақытында, яғни тамыз-қазан аралығын 37 жұп қабылданды. Олардың жетеуі ғана татуласты, – дейді Анаргүл Ілиясқызы.

Бұдан бөлек кеңес мүшелеріне осы жазда ашылған «Отбасы» орталығының  жұмысы таныстырылды. Орталықта әлеуметтік жағдайды жақсарту мақсатында  «Бір терезе» қағидасымен құқықтық, психологиялық, әлеуметтік, білім беру, бизнеске баулу бойынша  ақпараттық-кеңестік және ресурстық қолдау ұсынылады. Ашылғанына көп уақыт өте қоймағанымен, мұнда кеңес алу, шеберлік сабақтарына қатысу мақсатымен 522 отбасының мүшелері келген.

Облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Шалқыма Құрманалина «Отбасы» орталығы некеге  тұруға дайындалып жүрген жастармен жұмысты жолға қоюлары қажеттігін атады. Онда бозбала мен бойжеткенге отбасы құрудың мәнінен бастап, тұрмыста кездесетін проблемалық жағдайлардан шығу, ажырасу мен зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселелері жеткізілуі тиіс.

Сондай-ақ кеңес мүшелері 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын талқыланды.

  Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
80 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
148 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
381 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
863 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1241 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1144 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1600 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2216 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2381 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2388 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2439 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2444 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2059 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2923 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2977 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2971 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3584 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3552 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3543 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3519 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3679 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»