8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Сәуір 2021 1293 0
Дені сау ұлт

ОТАНДЫҚ ВАКЦИНА САЛДЫРҒАН АҒЗАДА АНТИДЕНЕ ҚАШАН ҚАЛЫПТАСАДЫ

QazСovid-in вакцинасының толыққанды көрсеткіштері вакцина еккеннен кейін 42 күнде белгілі болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Білім және ғылым министрлігіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья QazСovid-in вакцинасы антиденені қалай қалыптастыратынын түсіндірді.

«Антиденелер вакцина салдырғаннан кейін 14 күннен кейін қалыптасады. Жалпы вакцина екі рет егіледі. Яғни, ревакцинация жиырма бірінші күні жасалады. Сонымен, 42 күнде ең толық көрсеткішті анықтай аламыз. Көрсеткіштер өте жоғары. Ауруды нейтралдандыратын антиденелер мен гуммаралды жасушалық иммунитет көрсеткіштері бойынша дүниежүзінде шығарып жатқан вакциналардың бірқатарынан да жоғары нәтижелерді көрсетіп отыр», – деді институт директоры орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Жамбыл облысындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья QazСovid-in вакцинасының қолданысқа шығу мерзімі туралы айтқан болатын.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
137 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
381 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»