ОТАНДЫ ҚОРҒАУ – ӘР АДАМҒА МІНДЕТ
БҚО экономикалық тергеулер департаментінде ҚР Қарулы күштерінің құрылған күні және Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған жиын өтті. Департамент басшысының міндетін атқарушы Темірлан Шонаев қызметкерлерін айтулы қос мерекемен құттықтады.
Департамент басшысының міндетін атқарушы Темірлан Төлегенұлы бір-бірімен тығыз байланысты екі мереке туралы айтып, мекеме қызметкерлерінің жұмысы да осы мерекелермен астасып жатқанын атап өтті.
– Біздің бақытымызға орай, Қазақстан әскері соғыс қимылдарына қатысып жатқан жоқ. Халқымыз татулықта, бейбіт аспан астында күн кешуде. Бұл біріншіден, Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының, көршілес мемлекеттермен орнатқан ынтымақтастық байланысы мен достық қарым-қатынасының арқасы деп түсінуіміз керек. Дегенмен, әскерлеріміз әрдайым дайындықта. Ал біз, құқық қорғау қызметкерлері әр күн сайын өз Отанымызды қорғаймыз. Отанның тыныштығы сыртқы жаулармен қатар ішкі қылмыскерлерден қорғауға байланысты. Сондықтан қылмыскерлермен күрес тоқтамайды, – деген Темірлан Төлегенұлы әріптестерін адал қызмет етуге шақырды. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен сол жылдары тылда еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетуге шақырды.
Шарада профилактикалық жұмыстар мен бақылау басқармасының аса маңызды істер бойынша жедел уәкіл тергеушісі Ольга Куликова Отан қорғаушылар күнінің тарихы туралы баяндама жасады.
Департаменттің әкімшілік бөлімінің басшысы Гүлзада Шүкірғалиева мәлім еткендей, мекеме қызметкерлері мереке қарсаңында өңірдегі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып, арнайы сый-сыяпатпен құттықтауда.
Елмұра Асхатқызы
Версия для печати
Пікір үстеу