Қосалқы электр стансасы іске қосылды
Орал қаласының аумағы кеңейіп, халықтың көбеюіне байланысты коммуналдық гидронысандар мен электр жүйесінің жүктемесі артып отыр.

Тозығы жеткен желілерді жаңғырту бағытында аймақта ауқымды іс-шаралар атқарылып жатыр. Конституция күні қарсаңында жаңа электр қосалқы стансасы жұмысын бастады.
БҚО-да электр желілерінің 80 пайызының тозығы жеткен. Өңірдегі осы өзекті мәселені шешу жолында республикалық бюджеттен қаражат қарастырылуда. Мәселен, өткен аптада қалада электр қосалқы стансасы іске қосылды.
Бұл нысан «Деркөл» және «Ақжайық» шағын ауданы халқына қызмет көрсетеді. Жүйе толықтай автоматтандырылған. Жел тұрса, жаңбыр жауса жарығы өшетін қала іргесіндегі елдімекендердің халқы енді осы азаптан құтылады. Өйткені, жаңадан салынған 15-қосалқы электр стансасы 120 мың абонентті электр қуатымен үзіліссіз қамтиды. 2,7 млрд теңгеге салынған стансаның қондырғылары түгелдей отандық әрі 60 градус ыстық пен 50 градус аязға шыдамды,-дейді мамандар.
– 2021-ші жылы жоба мақұлданды. Станса «Ақжайық» ауданын толықтай электр жүйесімен қамтамасыз етеді. Оның ішінде әлеуметтік нысандар бар. Бұл нысанның құрылысына елімізде оның ішінде «Орал трансформатор» зауытында құрстырылған трансформаторлар пайдаланылды. Ауа температурасы – 60 тан + 50 градусқа дейін шыдамды. Кемінде 20-30 жыл қызмет көрсетеді,- дейді жобалаушы компания директоры Әнуар Сахабутдинов.
Салтанатты ашылу шарасына қатысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев электр компаниясының жұмысын жеңілдететін нысанның жұмысын бастауға рұқсат берді. Әлеуемттік мекеме қаланың шет аумағында орналасқан. Өңір басшысы Нариман Төреғалиев халықтың жылдан-жылға көбеюіне орай бүгінгі таңда облыс көлемінде 388 мегават электр тұтынатын болсақ, алдағы жылдары оның көлемін 500 мегаватқа дейін жеткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
– Барлық 12 ауданның орталығындағы осындай электр стансаларын толықтай жаңғыртудан өткізетін боламыз. Оған қоса алдағы жылдары электр тұтыну көлемі артады. Мәселен қосымша батыс поуер компаниясы арқылы қосымша 100 мегаватқа өндіріс көлемін арттырады. Сонымен қатар күн сәулесі арқылы тағы 20 мегават энергия өндірілмек. Осылайша жоспарлаған энергия көзін 500 мегаватқа жеткіземіз,- деді аймақ басшысы Нариман Төреғалиұлы.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру