8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қазан 2019 1827 0
Қоғам

Қос сәби суға кетті

БҚО  Ақжайық ауданыны «Жанама» ауылында  кеше жоғалып кеткен бір отбасының 2 және 5 жастағы балалардың денесі  «Карасу» өзенінен  табылды. Ата – анасы абайсызда көз жазып қалған сәбилер соңғы рет үй ауласында ойнап жүрген.

Алдымен балдырғандардың ата-аналары өз күштерімен жоғалып кеткен ұлдарды кешке дейін іздейді. Ақыры еш нәтиже болмаған соң құзырлы орган өкілдерінің қызметіне жүгінеді. БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Сүйінбаевтың таратқан ақпаратына сүйенер болсақ, оқиға орнында  БҚО ПД бастығы Махсудхан Аблазимов бастаған топ іздеу жұмыстарымен шұғылданды. Тәртіп сақшылары мен құтқарушылардан бөлек еріктілерден құралған 200-дің үстіндегі адам балаларды топ- топқа бөлініп іздеген. Өкінішке орай бүгін күндізгі сағат 11-де өзен жағалауынан 3 метер қашық жерден 2014 жылғы ер баланың денесі судан шығарылса, 15:50-де екі жасар сәбидің мәйіті табылды. «Жанама» ауылы Ақжайық ауданынан 30 шақырым жерде орын тепкен. Ал, отбасында бақилық болған қос сәбиден өзге бала жоқ көрінеді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
137 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
381 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»