ҚОС ДЕПАРТАМЕНТ БІРІГУ ЖОЛЫМЕН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қос комитеті – Қоғамдық денсаулық сақтау және Фармация комитеттері қосылып, қайта ұйымдастырылып, жаңа атау алды. Соған сәйкес облыстық департаменттер де біріктіріліп, қайта ұйымдастырылып, әділет басқармасында қайта тіркелуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.04.2019 ж. №177 «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі оларды «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылғандықтан, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – оларды қосу жолымен «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылды. Қайта ұйымдасытырылған облыстық департаменттің басшысы – Ринат Әминұлы Құбатаев.
Департамент халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында, халыққа өткізілетін өнімдер бойынша техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын, медициналық қызметтердің сапасын бақылау және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы стандарттар саласындағы өкілеттіктерден басқа облыс аумағында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу