8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қазан 2018 3341 0
Қоғам

ҚОРЖЫНЫ ЖҮЛДЕГЕ ТОЛЫ МҰҒАЛІМ

Қазіргі заман мұғалімдері білімді, зерттеуші, ізденуші, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жаңашыл және жаңа педагогикалық технологиялардың барлық түрлерін меңгерген білікті маман. Осы қасиеттер №37 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бағдагүл Нұрбайыроваға тән.

 

 

Бағдагүл Нұрбайырова 25 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі, білікті ұстаз. Жалпақталдың Талдыапан ауылында дүниеге келген ол бала кезінен-ақ анасының жолымен болашағын ұстаздықпен байланыстырған. 1992 жылы Орал педагогикалық училещесін бастауыш сынып мұғалімі, 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша дипломын қолына алған.

– Ұстаз болу – бала кездегі арманым болды. Анам Минара Жұманова Талдыапан ауылындағы мектепте физика пәнінен сабақ берді. Алдымен анама еліктесем, жоғарғы сыныпқа келгенде биология пәнінен сабақ берген ұстазымдай болуды мақсат еттім. Бір сәт сол биология кабинетінде өзім оқушыларға сабақ беріп тұрғанымды елестетінмін. Сол арманым шындыққа айналып, оқу бітірген соң алғашқы еңбек жолымды өзім оқыған кабинетте сабақ беруден бастадым,  – дейді кейіпкеріміз.

20 жылдай өз ауылында ұстаздық етіп, шәкірт тәрбиелеген Бағдагүл Төлегенқызы осыдан бес жыл бұрын қалаға қоныс аударып, жолдасы Бауыржан Көбенов екеуі бір мектепке қызметке орналасады. Ұжымда сыйлы, жастарға үлгілі маман шәкірттерінің де  сүйікті ұстазы.  Облыс орталығына жұмысқа тұрғаннан-ақ өзінің жауапкершілігі және терең білімділігімен ерекше көрінді. «Қызыл құлақты тасбақалардың тіршілігі» жобасын жүргізді. Жойылу қаупі бар тасбақаны сыныпта өсіруді бастап, бірқатар зерттеулер жасады. 2016 жылы «Бастауыш сынып оқушыларын қоршаған ортамен таныстыру арқылы функционалдық сауаттылығын арттыру және дамыту жолдары» тақырыбындағы іс-тәжірибесі қалалық оқу-әдістемелік кабинеті жанынан қала көлемінде таратылды. Ал қазір өзіне бекітілген 2 «а» сыныбымен оқушыларды қоршаған ортаны қорғау, әсемдік пен әдемілікке тәрбиелеу мақсатында «Гүл өсіру» жобасын қолға алуда. Сабақтан тыс уақытта гүлдерді күтіп-баптау, бақылау жұмыстарымен айналысатын балалардың бұл жобаға қызығушылықтары зор. Педагогикалық еңбегінде шәкірттерге білім негізін меңгертуде нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана  отырып, шығармашылықпен жұмыстанып келеді. Ол мұғалім балаларды оқыта жүріп, өзі де оқуды тоқтатпауы қажет деп есептейді.

– Әр жұмысымды сапалы да сауатты жүргізуге тырысамын. Білімімді дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында қалалық семинарларда ашық сабақтар өткіздім. 12 жылдық білім беру бағдарламасы: мазмұны, ерекшелігі» курсынан өттім. Оқушылардың жауап беру мүмкіндігі мен өз бетінше іздену дағдысын ескере отырып, жауап берген оқушылардың бағаларына салыстырмалы сипаттама беремін, – дейді ұстаз.

Бағдагүл Төлегенқызы оқушылардың таным-белсенділігін, ойлау-қабілетін, қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа технологиялық әдістерін пайдалана отырып, әр оқушымен жеке жұмыс жүргізіп, биік белестерге жетелеуде. Қыры мен сыры мол ұстаздық қызметін абыроймен атқарып, ұстамдылық ұлағатын, адамгершілік қасиеттерін паш ете білген Бағдагүл Төлегенқызының жетістіктер қоржыны жүлделі орындарға, арнаулы марапаттарға толы. Екі жыл қатарынан қалалық білім беру бөлімінің «Құрмет грамотасымен», облыстық «Мектеп жанындағы оқу-тәжірибе үлескісі» байқауында – бірінші орын, республикалық дәстүрлі интернет олимпиадасында «Құрмет грамотасымен», «Ұлтымыздың бүгіні мен ертеңі білімді ұрпақ қолында» республикалық конференциясында мақтау қағазымен марапатталған. «Білімді ұстаз болса, білікті шәкірт даяр» демекші, алғашқы шәкірттері магистр, докторлықты қорғап, «Болашақ» бағдарламасымен білімдерін жетілдірді. Биология пәнін таңдағандары медицина, ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етіп жүр. Ал қазіргі оқушылары түрлі байқау-сайыстарда топ жарып, ұстаздарының мерейін үстем етуде.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
227 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
235 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
520 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
991 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1369 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1230 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1727 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2346 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2509 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2515 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2568 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2572 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2144 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3050 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3105 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3097 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3716 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3679 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3670 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3645 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3805 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»