Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптарды атады
Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер кандидаттарға қойылатын талаптар бекітілді.
«Конституция мен «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптар: Қазақстан тумасы, соңғы 15 жылда Қазақстан Республикасы аумағында тұруы, жоғары білімі бар болуы, 40 жасқа толған болуы, белсенді сайлау құқығы болуы, мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тиіс», – деп айтты Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Ұсыну туралы шешім республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Кандидаттардың Конституцияда және «Сайлау туралы» Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтауды Орталық сайлау комиссиясы республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме кандидаттың дауысқа түсуге келісім беруі туралы өтінішімен және кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландатыратын құжатпен бірге ұсынылған кезден бастап бес күн ішінде жүзеге асырады.
Осыған дейін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров президенттікке кандидаттарды ұсыну құқығы 2019 жылдың 28 сәуірінде сағат 18.00-де аяқталатыны туралы мәлімдеді.
Бұған дейін, Константин Петров президенттікке үміткерлер төлеуі тиіс сайлау жарнасы 2 млн 125 мың теңгені құрайтыны туралы мәлім етіп және президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталған күннің ертеңіне, яғни 11 мамыр күні үгіт-насихат жұмыстары басталатыны турала айтты.
https://baq.kz/news/othernews/saylau-komissiyasy-/
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу