8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Мамыр 2021 4217 0
Спорт

ОРАЗА АЙТТА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Орал қалалық жастар ресурстық орталығы, Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі және БҚО Қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен “Қалалық демалыс және мәдениет” саябағында Ораза Айт мерекесіне орай ұлттық ойындардан сайыс өтті.

Сайыс қазақ күресі, асық ату, қол күресі, қой көтеру және садақ ату түрлері бойынша ұйымдастырылды. Мерекелік шараға қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев және Ақжайық өңірінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы қатысып, қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Ұлттық ойындар тәрбиелік мәнімен қоса ой-санасының жетілуіне зор ықпал етеді. Осы орайда ұйымдастырылған сайыс барысында сайысқа қатысушылар шеберліктері мен икемділіктерін ортаға салып, бақ сынасты.

– Бүгінгі күні ұлттық спорт түрлерімен айналысатын жастардың саны артып келеді. Сайысқа қатысуға ниет білдіргендер саны сөзіміздің айқын дәлелі. Мұндағы басты мақсат – ұлттық ойынды қайта жаңғырту, дамыту және халық арасында кеңінен тарату, дейді Орал қалалық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Алма Шапбазкерейқызы.

Сайыстың жеңімпаздары диплом, медаль, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, ойын барысында балаларға тәттілер, ойыншықтар, сусындар таратылып, аттракциондар тегін қызмет жасады.

 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
1 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
87 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
66 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
77 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
147 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»