8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Желтоқсан 2019 1360 0
Қоғам

ОРАЛДЫҚ СТУДЕНТТЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТҚА ҮН ҚОСУДА

 ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жүйелі жүргізілуде. Колледж директоры Светлана Бахишеваның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар құқықтық сауаттылықты арттыру және сақтау, жемқорлықтың формалары мен оларды болдырмау туралы білім деңгейін көтеруге бағытталған. Бұл мақсатта ең алдымен «Академиялық адалдық саясаты», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт», «Ішкі тәртіп ережелері»  нормативтік құжаттар әзірленіп бекітілген. «Қызметкерлермен жасалатын еңбек шарттары»  және  «Студенттерге білім беру қызметін көрсету шарттарына» сыбайлас жемқорлық туралы нұсқаулықтар бар.

Колледж pedcollege.kz сайтының «Жаһанша – адалдық алаңы» бөлімінде мемлекеттік қызметтің, кадрлық саясаттың және қаржылық-сауаттылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттар орналастырылған. 40-тан астам студент «Адалдық алаңының» мүшесі.  Олардың әрқайсысы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қалыптастыруға үн қосатындарын айтады.

Емтихан кезінде «Таза сессия» акциясы ұйымдастырылып, студенттерге анонимді сауалнамалар жүргізіледі. Емтихандар толықтай электронды форматқа көшірілген. Оған пән оқытушыларынан басқа бақылаушылар  қатысып,  оқытушы тарапынан көмек беру мүмкіндігіне жол берілмейді.

Сондай-ақ колледжде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің ұсынысы бойынша адалдыққа, тәртіптілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында «Адалдық алаңы» дүңгіршегі жұмыс жасайды. Онда студенттер өздеріне қажетті кеңселік тауарларды сатып алып, ақшасын арнайы жәшікке салады. «Бір терезе» қағидаты бойынша студенттерге қызмет көрсету шағын орталығы жұмыс жасайды және барлық оқу кезеңінде академиялық сұрақтар бойынша кеңестер беріледі.

Жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау мақсатында «Парасаттылық мектебі» ашылмақ. Қазіргі таңда 50-ден астам белсенді студент дәріс тыңдауға ниет білдіріп отыр. Аталған мектепте тренингтер, семинарлар, іскерлік ойындар, практикалық сабақтар жоспарлануда. Курсты аяқтаған соң, белсенді студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты колледжде және одан тыс жерлерде қолданатын болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
60 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
242 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
283 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
561 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
573 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
699 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1001 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1093 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1120 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1330 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1602 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1827 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1866 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2013 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2212 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»