ОРАЛДЫҚ ҰЛАНДЫҚТАР «ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ» 27 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ
Ел Тәуелсіздігімен бірге Күштік құрылымдар ішінде алғаш құрылған бұрынғы Ішкі әскер, қазіргі Ұлттық ұланның төл мерекесін «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы ерекше атап өтті. Айтулы шараға жеке құрам, мүдделі ұйымдар өкілдері, ардагерлер қатысты.

Шараны ашқан «Батыс» өңірлік қолбасшысы, генерал-майор Әлібек Серәлиев Отан қорғауда ата-бабаның ерлік дәстүрін жалғастырып келе жатқан Ұлттық ұлан жауынгерлеріне ізгі тілегін білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі. Ең бастысы әскери дайындықты шыңдап, кәсіби шеберлікті арттыра түсудің маңызы зор.
Одан кейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары-штаб бастығы полковник Арман Жұмағалиев баяндама жасады. Ол өз баяндамасында Ұлттық ұлан әскерінің қалыптасу, даму тарихы, қызметтік-жауынгерлік жұмысына кеңінен тоқталды. Әскер тарихындағы маңызды оқиғаларды, Отан алдындағы борышын адал атқарған қызмет үздіктерін атап өтті.

Бұдан кейін ардагерлер, доғарыстағы подполковниктер Бақытжан Бердиев пен Малғабай Байболатов жиналғандарды мерекемен құттықтады.
Іс-шара барысында бірқатар әскери қызметкерлер үздік қызметі мен табыстары үшін «Құқық қорғау әскеріне 25 жыл» кеуде төсбелгілермен, мадақтамалармен марапатталды.
Шара соңы Ұлттық ұланның 27 жылдығына арнайы әзірленген мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі, Орал
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу