ОРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР 2312 ТЕҢГЕНІҢ ДӘРІСІН 5000 ТЕҢГЕГЕ САТҚАН
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлесіп дәрі-дәрмекпен алыпсатарлықты анықтау және кінәлілерді жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізуде.

Прокуратура, Экономикалық тергеу департаменті, полиция департаменті қызметкерлерінің мобильді тобы дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатудың жеті фактісін және дәрі-дәрмектерді рұқсат құжаттарынсыз сатудың 3 фактісін анықтады.
Мәселен, 8 шілде күні экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында «Арбидол» препаратының бір орамын 5 000 теңгеден сату фактісін анықтады. Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылғы 15 шілдедегі бұйрығында көрсетілгендей препаратқа 2 312 теңге мөлшерінде шекті баға белгіленген. Осылайша, жосықсыз кәсіпкер Орал қаласы аумағында дәрі-дәрмектерді 100% артық бағамен сатқан.
Дәріхана иесіне қатысты материал ӘҚБтК 426-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігінің сапасын бақылау департаментіне берілді (дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаның артуы).
«У» есімді азамат «Цеф-3» антибиотиктерін рұқсат құжатсыз қайта сатуды жүзеге асырып, заңсыз фармацевтикалық қызметті жүзеге асырған. 9 шілде күні бұл азамат ӘҚБтК-нің 424-бабының 1-бөлігі бойынша (заңсыз фармацевтикалық қызмет) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы мәллім еткендей, денсаулық сақтау министрінің 15.07.2019 жылғы № ҚР ДСМ-104 бұйрығымен дәрілік заттарға шекті белгіленген бағаларды көтеру бұзушылық болып табылады және заң бойынша қудаланады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 69-бабына сәйкес дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізу «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Айта кетейік, дәрілік заттардың бағасын көтеру фактілері туралы 8 (7112) 51-06-96 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу