8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Шілде 2019 1870 0
Өзек

ОРАЛДЫҚ АЗАМАТ ПӘТЕРДЕ МАРИХУАНА САҚТАҒАН

Ағымдағы жылғы 24 маусымда «Көкнәр-2019» ЖПІШ жүргізу кезінде Орал қаласының Полиция басқармасы 1978 жылы туған Орал қаласы тұрғынының  пәтерінен пакеттерге бөліп салынған 2 келіге жуық  марихуана тауып алды. Бұл ретте, марихуананы арнайы пакеттерге бөлініп салынғаны туралы айта кеткен жөн. 

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 296 бабының 4 бөлігі бойынша (Есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Әдеттегідей жыл сайынғы «Көкнәр» жедел-профилактикалық іс-шарасы республика бойынша 1 маусымнан басталған болатын. Оның басты мақсаты жабайы өсетін есірткі өсімдіктерін анықтау және жою, сонымен қатар заңсыз есірткі тасымалдауға қатысы бар адамдарды анықтап, ұстау және есірткі арналарының жолын кесу болып табылады.

Аталған іс-шараның бірінші айында БҚО полиция бөліністері заңсыз есірткі құралдарының айналымына байланысты 23 қылмыстық және 15 әкімшілік құқықбұзушылық фактілерін анықтады.

 

БҚО ПД баспасөз қызметі

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
129 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
374 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»