ОРАЛДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 35 ЖАСАР ӘЙЕЛ ЗАРДАП ШЕКТІ
Бүгін 11.00 шамасында Орал қаласы «Типография» аялдамасы маңында жол-көлік оқиғасы орын алды.
«Фольксваген Пассат» автокөлігінің жүргізушісі 1984 жылғы жүргіншіні қағып кеткен.
«Зардап шегуші жедел-жәрдеммен көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Алдын ала қойылған диагноз – ми шайқалуы», – деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
БҚО ПД баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Версия для печати
Пікір үстеу