8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Ақпан 2022 2236 0
Қоғам

ОРАЛДА ЖОЛ АПАТЫННАН ЖЕҢІЛ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ КӨЗ ЖҰМДЫ

Деркөл мен Зашаған ауылдарын жалғайтын жол бойында LADA Priora мен «Газель» жүк көлігі соқтығысты.

«Мой город» порталы хабарлағандай, Priora көлігінің жүргізушісі Деркөл ауылына қарай бет алып, маневр жасау кезінде жолдың қарсы бетінде келе жатқан Газельді сүзіп өтті.

Апат салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Газельдің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Алдын ала ақпарат бойынша, оның аяғы сынған. Сонымен қатар, соқтығысу салдарынан «Газель» көлігі отқа оранды.Орал полиция қызметі басқармасының бастығы Мерхат Маженов.

Жол апаты фактісіне сәйкес, ҚР ҚК 345-бабы, «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы қолға алынды. Апаттың барлық мән-жайларын анықтау үшін бірқатар сараптамалар тағайындалады.

Сондай-ақ оқиға орнында ТЖД қызметкерлері жұмыс істеді. Олар қаза тапқан 23 жастағы жүргізушінің денесін жеңіл көліктен шығарып, өрт сөндірді. Өрт сағат 19:28-де сөндірілді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
15 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
88 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
67 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
78 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
148 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»