ОРАЛДА ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Оралда жаңа жеке балабақша ашылды. Төртінші шағынауданда жұмысын бастаған мектепке дейінгі білім беру ұйымы 250 бүлдіршінді қабылдауға дайын. Бөбекжайдың жұмысымен Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков танысты.

«Сәби» деп аталатын балабақшаның бұл бесіншісі. Құрылтайшысы Мұрат Қуанышқалиевтің айтуынша, «Сәби» балабақшалар желісі бес жылдан бері мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасап келеді. Әр бөбекжай өзіндік ерекшеліктерге ие. Барлығы да арнайы мамандандырылған бағдарламамен жұмыстанады.
Жаңа бөбекжайда бүлдішіндердің ой-өрісін дамытудан бөлек тұзбен емдеу, массаж, ағылшын тілін үйрету және каратэмен айналысу, би өнеріне баулу сынды қосымша қызметтер көрсетіледі. Балабақшаның ашылуымен нысанда 40 жаңа бос жұмыс орны ұйымдастырылып отыр.
– Ғимаратты иесімен келісім жасап, бес жылға жалға алып отырмыз. Бір ай бұрын мұнда балабақшаға бейімдеу жұмыстарын бастап, бөлмелерді жабдықтадық. Қазір үш топ бойынша ұжым жинақталды. Бүлдіршіндермен білікті, тәжірибелі мамандар жұмыстанатын болады, – дейді «Батыс Сәби» ЖШС құрылтайшысы Мұрат Қуанышқалиев.
Бүгінгі таңда қала бойынша мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың жүйесі жақсы дамып келеді. Ол үшін мемлекет тарапынан қолдау аз емес. Қала әкімінің сөзінше, балабақшалар үшін жан басына қаржыландыру мөлшері жыл санап ұлғаюда. Мәселен, былтыр мемлекеттік тапсырыс алып отырған балабақшалар үшін әр балаға 19 354 теңгеден төленсе, биыл 27 502 теңгеге көтерілген.
– Бұған дейін жеке балабақшалар өз пайдасына ғана жұмыс жасайтын. Қазір жеке балабақшаларда қызмет көрсету сапасы жоғары екенін көріп отырмыз. Яғни, осы балабақшаға келетін балғындар үшін бүгінгі заманға сай тәрбие алуына, жетілуіне толық жағдай жасалған. Егер мемлекеттік балабақшалар өз функционалдық міндеттерін мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырып жатса, жеке балабақшалар оның одан әрі дамуына үлес қосады деп ойлаймын, – дейді қала әкімі Абат Шыныбеков.
Қазір Орал қаласында 50 мемлекеттік, 58 жеке балабақша жұмыс жасайды. Бес жасқа дейінгі кезекте тұрған балғындардың саны – 16 234. 3-5 жас аралығындағы балғындардың мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылу көрсеткіші – 99 пайыз. Қаланың солтүстік-шығыс шағынауданында және Зашаған кентінде жаңа үйлердің көбірек салынып, халық санының өсуіне байланысты балабақшаның тапшылығы байқалуда. Дегенмен, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес болашақта салынатын көпқабатты үйлердің бірінші қабаттары бос кеңістік ретінде жобаланып, әлеуметтік мекемелер үшін, атап айтқанда, учаскелік немесе амбулаторлық пункттер, балабақша, шағын орталықтар есепетелетін болады.
Эльмира НҰҒМАНОВА




Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу