8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Ақпан 2021 1395 0
Қоғам

ОРАЛДА ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН АТ СПОРТЫ БӨЛІМІ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

Бұл туралы бүгін, 16  ақпан күні халықпен онлайн есептік кездесуде  қала әкімі Абат Шыныбеков мәлім етті.

 

Еліміздегі ең алғашқы саябақтардың бірі, бүгін де оралдықтардың және қала қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған қалалық мәдениет және демалыс саябағын дамыту жұмыстары жоспарымызда бар. Жоба аясында дендрологиялық төлқұжат жасақтау, ойын алаңын, субұрқақты жөндеу сияқты жұмыстар қарастырылған. Сондай-ақ бұл саябаққа биыл жеке инвестициялық жоба аясында «Алтын Шаған» атты шолу шеңбері орнатылады.

Былтыр қалада Шаған өзенінің жағалауында «Арқанды саябақ» ашылған болатын. Саябақта спорттық туризмге арналған жеті кезеңді кедергілер орнатылды. Қала әкімі бұл орынның да қала тұрғындарының серуендейтін, туристік және спорттық жарыстар өткізетін демалыс орнына айналады деген сенімін білдірді. Сондай-ақ жасөспірімдерді ұлттық спорт түрлеріне  үйрететін жаңа бөлім ашылатынын хабардар етті.

– Биыл қалада жасөспірімдерге арналған ат спорты бөлімін ашамыз. Бөлімде ұлттық спорттың 4 түрінен оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілетін болады. Олар – аударыспақ, көкпар, жамбы ату, теңге ілу. Үйірмеде 9-16 жас аралығындағы 300 жасөспірім жаттығуға мүмкіндік алады, – деді Абат Абайұлы.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
78 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
72 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
122 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»