ОРАЛДА ЖАС МАМАНДАР АРАСЫНДА «ХХІ ҒАСЫР ҰСТАЗЫ» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ ӨТТІ
Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойы және «Ұстаздар күні» мерекесі аясында Орал қаласындағы жалпы орта білім беретін мектептердегі 29 жасқа дейінгі ұстаздары арасындағы «ХХІ ғасыр ұстазы» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.
Зияткерлік ойын 3 кезең бойынша өтті. Алдымен «Бәйге» кезеңінде қатысушыларға әр саладан 12 сұрақ қойылды. Екінші «Жорға» турында қатысушылар 1 минут ішінде әр түрлі саладан қойылған сауалдарға жауап берді. «Дода» сынында «Жұбан Молдағалиев», «Менің сүйікті қалам Орал», «Абайтану» тақырыптары бойынша білім деңгейлері сыналды.
Осы кезеңдерден мүдірмей өткен №12 ЖОББМ-тің Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Наргиза Есенова бірінші орын алды. Екінші орын №42 ЖОББМ-тің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абылайхан Қуанышевқа берілді. Ал үшінші жүлделі орынды №22 ЖОББМ-тің Математика пәнінің мұғалімі Фариза Темірболатова иемденді.
Мереке қарсаңындағы тартысты доданы Орал қаласы ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде Орал қаласының білім беру бөлімі және Орал қалалық жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Версия для печати
Пікір үстеу