8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Наурыз 2020 1714 0
Өзек

ОРАЛДА ЖАППАЙ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданған іс-шаралар туралы брифингте  Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков шаһарды жаппай дезинфекциялау басталғанын жеткізді. 

Қазіргі таңда барлық коммуналдық қызмет жүйелері күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Қаламызда 376 аялдама павильоны бар. «Жайық таза қала» ЖШС күн сайын қаладағы аялдамаларды дезинфекциялау жұмысын жүргізуде. Күнделікті желіге шығатын 400-ге жуық қоғамдық көлікте әр айналым сайын дезинфекциялық жұмыстар атқарылуда. Жолаушылар ағымының азаюына байланысты автобустар саны қысқартылды.

Сонымен қатар пәтер иелері кооперативтері мен жеке меншік тұрғын үйлердің подъездері, қалалық көпшілік орындарда санитарлық тазарту жұмысы жасалуда.

–   Коронавирустың алдын алу шараларының басты міндеті – жан-жақты зарарсыздандыру. Бүгінде жаппай дезинфекция жұмыстары басталды. Дезинфекциялық жұмыстарды жүргізу үшін қалалық төтенше жағдай резервінен қажетті қаржы бөлініп, антисептик, маска, қорғану киімдері алынды.  Қала көшелері, тротуарлар, қалалық мәдениет және демалыс саябағында дезинфекция жүргізілді. Сондай-ақ 598 көп пәтерлі тұрғын үйде дезинфекция жұмыстары атқарылуда, – деді Абат Абайұлы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
78 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
369 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
389 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
366 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
408 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»