ОРАЛДА ЖҮРСІН ЕРМАННЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ
Бүгін Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі дүркін иегері, ақын Жүрсін Ерманның 70 жас мерейтойына арналған «Ұлытаудың ұлымын» атты әдеби-сазды кеші өтті. Шараны аталмыш орталық пен Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облыстық филиалының бірлесе ұйымдастырды.

Қазақ поэзиясында ірілердің ізімен жүріп, інілік ізетін көрсете жүріп, өзі де ірілердің қатарына қосылған апайтөс ақындардың бірегейі, базары қайнаған әдебиет әлеміндегі өз орны бар, 40 жылдай асыл өнер – айтыстың көшін өрге сүйреп, биік белеске жеткізген қайраткер, бүгінде 70 жасқа толып отырған Жүрсін Ерманның шығармашылығы өнерсүйер қауымның әрдайым назарында.
Әдеби-сазды кештің ашылуында сөз сөйлеген Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры, Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облыстық филиал директоры Бауыржан Халиолла айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, жүргізушісі, ақын Жүрсін Ерманның шығармашылығына тоқталды. Мерейтой иесінің поэзиядағы, журналистикадағы, қоғамдағы ерекше орынын әңгімеледі.
Карантин талаптарына сай өткен әдеби-сазды кеште Жүрсін Ерманның сөзіне жазылған әндерді белгілі өнер иелері Ернар Өмірәлі, Әділ Ахметов, Ақылбек Какимов, Диана Тюлешева нақышына келтіріп орындаса, жалынды жырларын Айнабек Бисенғалиев, Эльдар Ихсанов, Бекболат Қаленовтер жатқа оқыды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу