ОРАЛДА Ж.РАХИМОВАНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОКАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да ҚР Еңбек сіңірген әртісі, доцент Жұмағаным Рахимованың 65 жас мерейтойына арналған І Халықаралық вокалистер конкурсы ұйымдастырылды.

Мақсат – Қазақ мәдениетінде кейінгі ұрпаққа табиғи талантымен өшпестей із қалдырып, өзінің таланты мен кәсіби біліктілігін өскелең ұрпаққа дәріптеп, вокалды өнер саласындағы дарынды жас орындаушыларды қолдап, классикалық вокалдық музыканы кеңінен насихаттау.
Аталмыш шараның гала-концертінің шымылдығы Халықаралық «Серпер», «Жұбанов көктемі» фестивальдерінің лауреаты Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі Құрманғазының «Сарыарқа» күйімен ашылды. Кейін университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Әсет Сембайұлы мен «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенесары Бекболатұлы сөз алып, кеш иесін мерейлі мерекесімен құттықтады
Екі күнге созылған вокалистер байқауына 21 үміткер қатысып, бақ сынады. Конкурс екі кезең бойынша өтті. Алғашқы кезеңде қатысушылар Батыс Еуропалық композиторлардың арияларын, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Әшір Молдағайыновтың шығармаларын орындады.
Одан әрі күміс көмей, жезтаңдай әншілер әуелетіп ән шырқап, көрерменге қуаныш сыйлады. Көптен күткен сәтте келіп жетіп, кіл мықтылар сынға түскен сайыстың жүлдегерлері де анықталды. Қазылар алқасының шешімімен Әліш Бейбарыс байқаудың гран-при иегері атанса, Әзиза Әбдірайым мен Алтынбек Әбілда жүлделі І орынды қанжығаларына байлады. Ал Айбек Хайролла, Талғат Аллабиринов, Нұрай Қабылова байқаудың ІІ орынын иемденді. ІІІ орын Нұрсәт Алмас, Мадина Битимова, Нұржайнар Әбілхайырова, Ақбота Молдағайыноваларға бұйырды. Сондай-ақ, қызылордалық Салтанат Мұратқызы мен нұр-сұлтандық Карина Нәжмеддиноваға Ж.Рахимова атындағы арнайы жүлде мен диплом, нұр-сұлтандық Айбек Аллабиринов пен Мирас Абдиға Ә.Молдағайынов атындағы арнайы жүлде мен диплом, қызылордалық Диас Омар мен Чингис Бозовқа «Вокал Академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан арнайы жүлде табысталды. Өнерге қадам басқан жас таланттарды тоғыстырған байқау жоғары дәрежеде өтіп, өз мәресіне жетті.


Азиза СҮЙІНІШҚАЛИЕВА,
фотосуреттерді түсірген Рафхат Халелов
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу