8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қаңтар 2020 2658 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДАҒЫ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕ ЖАҢА ДИРЕКТОР

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қамқоршылық Кеңесі және  Басқармасының шешімімен Оралдағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры болып Айдарбек Төлепұлы Айтпукешев тағайындалды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымының орынбасары Светлана Испусинова ұжымға жаңа басшыны таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Оралдағы Зияткерлік мектептің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Айдарбек Төлепұлы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының филология факультеті бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын орыс тілі және әдебиеті мұғалімі ретінде бастап, кейін Жәнібек ауданындағы мектептің директорының орынбасары, мектеп директоры болды.

Әр жылдары Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Орал қаласындағы филиалы директоры қызметін атқарды. Соңғы алты жылда Атырау қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебін басқарған.

Айдарбек Төлепұлы білім беру жүйесін жаңартуға бағытталған 10-нан астам инновациялық жобалардың жетекшісі және қатысушысы болды,  білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасын жасақтау бойынша сертификатталған тренер және  авторлар тобының мүшесі. Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері.

Айта кетейік, NIS-тің бұрынғы директоры Шолпан Маратқызы Қадырова Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы қызметіне  тағайындалды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
110 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
85 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»