ОРАЛДАҒЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЛАРҒА ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК БЕРІЛДІ
Орал қаласының №5 учаскелік полиция пунктіне жаңа автокөлік тарту етілді. БҚО ПД Баспасөз қызметі хабарлауынша, бұл ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың коллегиялық отырыста қойған тапсырмасын орындау мақсатында беріліп отыр.

Орал қаласының №5 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлар 20 000 астам тұрғыны бар қаланың орталығын қамтиды. Алдыңғы қатардағы учаскелік полиция пункті арнайы планшеттер мен бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Айта кетерлігі, бұндай жабдықтар қала бойынша барлық пункттерде бар.
– Материалдық-техникалық базаны нығайту – халықпен әрлдайым тығыз байланыста болатын полиция қызметкерлерінің жұмысын тиімдірек етеді. Жедел шара қолдануға жасалып жатқан жағдай – тұрғандарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады, – деді «Lada Largus» маркалы автокөлігінің кілті мен сертификат табыстаған БҚО ПД бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Ж.Жаншин.
Аға учаскелік полиция инспекторы Д.Оңайғалиев қызметте жеделдік маңызды екенін атап, осы ретте жаңа көлік біздің нәтижелі жұмыс атқару үшін тірек боларын жеткізді.
Орал қаласы аумағында 24 учаскелік полиция пунктінде 117 учаскелік инспектор мен көмекшілері қызмет жасайды. Бүгінде ҚР Президентінің жолдауына сәйкес олардың мәртебесін көтеріп, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне бағытталған жұмыстар атқарылуда.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу