8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қазан 2021 3818 0
Өзек

ОРАЛДАҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Антитеррорлық дайындық» тақырыбында дәріс өтті.

Бұл іс-шараға оқу орнындағы қауіпсіздік және тәртіп сақтау бөлімінің қызметкерлері қатысты, ал университеттің басшылық құрамы мен оқытушылары дәрісті ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде тыңдады.

Университеттің «Қауіпсіздік және тәртіп сақтау бөлімінің» басшысы Жанболат Мұсадиев дәрістің мақсатын түсіндіріп, келген қонақтармен таныстырды.

– Биылғы мамыр айында Ресейдің Қазан қаласында мектепте атыс оқиғасы орын алса, кейін қыркүйек айында Перьм мемлекеттік университетінде де қарулы шабуыл болғаны белгілі. Екі оқиға салдарынан да білім алушылар қаза тауып, бірнеше адам жарақаттанды. Бүгінгі дәрісте осындай оқиғалардың алдыну алу және кездейсоқ жағдай орын алғанда әрекет ету қағидаларын арнайы қызметкерлер түсіндіретін болады, – деді.

БҚО Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Артем Гусев оқу ордасы ғимараттарындағы тәртіп сақтау іс-шараларын күшейту, оқыс оқиғаларды бағамдау, ондай жағдайлар орын алған сәтте жедел әрі жауапты шешімдер қабылдау секілді қағидаларды түсіндірді. Сонымен қатар тақырыпқа сәйкес бейнероликтер көрсетілді.

Бұдан әрі департамент маманының сөзін жалғаған ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаменті Антитеррорлық орталығының өкілі адамдардың өміріне қауіп төндірер іс-қимыл әрекеттері кезінде оларды құтқару үшін әр нәрсеге мән беру қажеттігін ескертті. Сонымен бірге эвакуациялық жұмыстар бойынша практикалық дәрістер өткізу де артық етпейтінін айтты.

Қауіпсіздік және тәртіп сақтау бөлімінің басшысы Жанболат Нағметоллаұлы атап өткендей, Жәңгір хан университетінің бақылау камералары облыстық полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылатын болады. Нәтижесінде жедел жағдайларды өңірдің тәртіп сақшылары да білім ордасының қауіпсіздік қызметімен бірге қосымша қадағалап отыруға мүмкіндік алады.

БҚАТУ медиа-орталығы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
42 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
41 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
42 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
40 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
96 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
72 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»