8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Сәуір 2020 2648 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС САЯБАҒЫ СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУҒА БЕРІЛЕДІ

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте айтылды.  

Қалалық мәдениет және демалыс саябағы  еліміздегі ең көне саябақтардың бірі және тарихи маңызы бар нысандар қатарына жатады. Саябақтың жалпы аумағы 23,9 гектарды құрайды. Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағының негізгі қызметі – мәдениет саласында өндірістік-шаруашылық қызметтерді жүзеге асыру, жасыл алқаптарды пайдалану арқылы халықтың көпшілік мәдени демалысын және тұрғындардың түрлі топтары үшін ойын-сауықтар мен сан-алуан мәдени-көпшілік шараларын өткізу. Кәсіпорынның меншік иесі – Орал қаласының әкімдігі, тиісті  саланың уәкілетті органы Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

– Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» заңына сәйкес Орал қаласы әкімдігіне қарасты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық мәдениет және демалыс саябағы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны сенімгерлік басқаруға сатып алу құқығынсыз, 10 жыл мерзімге беріледі. Саябақты сенімгерлік басқаруға берудің негізгі шарты – «Қалалық мәдениет және демалыс саябағын» шаруашылық жүргізу құқығымен сенімгерлік басқарудың келісімшаттағы қолданылу мерзімі ішінде мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның қызмет профилін сақтау болып табылады. ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» заңына сәйкес, сенімгерлік басқарушы  басқаруға берілген  мүлікті өз атынан мемлекеттің мүддесі үшін пайдалануға міндеттеледі, – деді Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев.

Мәдениет және демалыс саябағы толықтай шаруашылық есебінен қызмет атқарады. Соңғы тоғыз жылда саябақты күтуге бюджеттен қаражат бөлінбеген. Кәсіпорын табысының негізгі бөлігі меншікті кірістер болып табылады. Сауда орындарын жалға алудан және аттракциондарға билет сатудан түскен қаржы, саябақты күтуге, абаттандыруға және көгалдандыруға, оның ішінде жалақы төлеуге, коммуналдық қызметтер, салық және әлеуметтік төлемдер төлеуге, негізгі құралдар мен материалдарға, жөндеу жұмыстарына  және тауарлай материалдық құндылықтарды алуға жұмсалады.

– Саябақтың негізгі кіріс көзі «Колесо обозрения» аттракционы арқылы түсіп тұрған болатын. Қазіргі уақытта бұл аттракцион жұмыс істемейді. Бұл аттракционның қойылғанына 34 жыл өткен, ескіріп тозған. Саябақты сенімгерлік басқаруға берудің негізгі басты мақсаты инвестиция тарту арқылы заманауи бағытта жұмысын жандандыру болып отыр, – деді Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев.

Қалалық қаржы бөлімінің басшысы Ербол Шүкірғалиевтің мәліметінше, әлеуетті инвестор саябақтың жай-күйін, қызмет көрсету деңгейін жақсартуды өз қаражаты есебінен жүргізеді. Бұл ретте сенімгерлік басқаруға алушы инвестор қар тазартатын және қоқыс шығаратын арнайы техника сатып алуы, саябаққа коммуникациялар жүргізуі, саябақтың солтүстік жағынан яғни Сыдықов көшесі  жағына асфальт жол салуы керек. Сондай-ақ  саябаққа келушілер үшін және мүмкіндігі шектеулі адамдарға  арналған талаптарға сай кем дегенде үш дәретхана орнату, бейнебақылаулар орнату, жағажай алаңдары мен жүзу орындарын салу және абаттандыру, саябақ аумағына жаяу жүргінші жолдарын жөндеу, ауыстыру, жағалау аймағын және оған іргелес жатқан аумақтарды бекіту, абаттандыру, саябақ аумағында ойын алаңдары мен шағын стадион салу, шағын архитектуралық формалар орнату, ағаштарды түрлі-түсті сәндендіретін  жарықтар орнату, жерасты кабеліне электр желісін ауыстыру (ВЛ-0.4 және КЛ-0.4 кВ) жаңа электр трансформаторын орнату, Шаған өзенінің жағалауына, шағын су көліктеріне тұрақ (парковка) жасау талаптары қойылып отыр.

Егер саябақты белгілі бір кәсіпкер сенімгерлік басқаруға алған жағдайда   келісім шартта көрсетілген уақыттар аралығында осы талаптардың бәрін орындауға міндетті болады. Бұл талаптардың орындалуын уәкілетті орган халықпен бірге қадағалауға алмақ.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
154 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
184 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
439 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
919 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1296 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1180 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1655 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2273 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2436 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2445 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2496 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2499 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2096 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2978 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3030 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3025 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3642 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3607 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3598 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3573 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3734 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»