8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Мамыр 2026 808 0
Мәдениет

Оралдағы көне театр күрделі жөндеуден өтуде

Орал қаласындағы А.Н.Островский атындағы драма театры – еліміздегі ең көне өнер ордаларының бірі. 167 жылдық тарихы бар театр 1859 жылы Александр Островскийдің «Кедейлік – кемшілік емес» спектаклімен алғаш рет сахна шымылдығын түрген. Содан бері бұл өнер ордасы талай көрерменнің рухани мекеніне, талай таланттың шығармашылық ұясына айналды.

Бүгінде тарихы терең театр жаңа кезеңге қадам басып жатыр. 2025 жылдың ақпан айында басталған күрделі жөндеу жұмыстарына 593 млн теңге қарастырылған. Жоба аясында ғимараттың инженерлік жүйелері жаңартылып, сахна заманауи жарық, дыбыс аппаратуралары және LED экранмен жабдықталуда.

Жаңғырту жұмыстарының басты мақсаты – театрдың тарихи болмысын сақтай отырып, көрерменге жайлы, әртістерге қолайлы орта қалыптастыру. Қазір 300 орындық залдың акустикасына ерекше мән беріліп, сахнадағы әр сөз соңғы қатарға дейін анық жететін деңгейге жеткізілген.

Жөндеу жұмыстары жүріп жатса да, театрдың шығармашылық тынысы бәсеңдеген жоқ. Ұжым спектакльдерін Халық шығармашылығы орталығының сахнасында ұсынып, көрерменімен байланысын үзбей келеді.

Көне сахнаның жаңаруы, театрдың бүгінгі тынысы мен алдағы жоспары туралы театр директоры Марат Кеңесұлымен тілдескен едік. Толығырақ «Жайық үні» басылымының кезекті санынан оқи аласыздар.

Әдемі Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
81 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
282 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
273 0
Хабарландыру
«ZHAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтеді
05 Қыркүйек 2026
389 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»