8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Тамыз 2019 2100 0
Өзек

ОРАЛДАҒЫ ҚАСЫМ КӨШЕСІ ҚАШАН ЖӨНДЕЛЕДІ?

       Жаз шыққан  бойда атақты ақын атындағы Қасым Аманжолов көшесіне «жан» бітті.  Әуелі Назарбаев даңғылымен қиылысып, Арбатқа көлденең жатқан банк ғимараттарынан бері қарай М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ға дейінгі тұрғын  үйлердің іргесіне тегістей асфальт жол төселді. Ұзыннан жатқан көшенің бойында  жайқалып өсіп тұрған жасыл теректердің көбі  кесілді. Ұзақ жылдардан жүрер жолдарына асфальт төселмеген көшелерін көрген тұрғындар бөріктерін аспанға атып қуанды. Сол кездегі облыс пен қала басшылығы да осы көшелерге ат басын бұрып, тексеріп кетті. Заманауи техникамен құлшына іске кіріскен мердігерлердің алған бағыты дұрыс еді.  Сөйтіп,  мамыр айларында Аманжолов бойында орналасқан  жеке және көпқабатты үйлердің  маңына асфальт төселіп, жаяу жүргіншілердің көңілін көншітті. Дегенмен, қуаныш ұзаққа бармады. Су сепкендей басылды. Қызу жұмыс кілт тоқтады. Сөзімізге күні кеше ғана түсірілген мына бір суреттер дәлел бола алады. 

 

«Қаланың қақ ортасында тұрған көшенің сықпыты осы болса, қалған көшелер қандай күйде екен?!» «Қасым көшесін жөндеуді бастады да тастады. Мұның себебі неде?!» деген сансыз сауалмен тұрғындар да редакциямызға телефон шала бастады. Осы сұрақтарға  жауап іздеп Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөліміне телефон шалдық. Аталмыш бөлім басшысы Мержан Нұртазиев бұл іс тікелей қалалық автомобильдер жолдары бөліміне қарасты екенін алға тартты.

Сонымен, Орал қалалық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Ербол Арыстанғалиевпен телефон арқылы сөйлесіп, төмендегідей жауап алдық:

– Қаладағы Аманжолов, Жүнісов, Самар және 8-март көшелерін жөндеуге мемлекеттік тапсырыс бойынша «Түркістан жол сервис» ЖШС жауап береді. Осы серіктестіктің басшысы Жандәулет деген  азамат. 2017-2018 жылдары бұл серіктестік Сырым Датовтан Ружейников көшесіне дейінгі аралықты толығымен бітірді.  Ұтып алған мердігердің қажетті құрал-жабдықтары, жұмысшылары жеткілікті. Деркөл жақта зауыттары да бар. Тапсырысты уақытылы әрі сапалы орындайды.  Бұған дейін Жәңгір хан, Махамбет ақын, Ақтөбе, Тайманов көшелерін жөндеп, уақытылы тапсырды.  Айтайын дегенім, дәл қазіргі таңда қаражатқа байланысты жұмыстың  кідіріп тұрғаны рас. Жоба бойынша Жүнісов пен Аманжолов көшелерінің істен шыққан ескі асфальттарын  кесіп алып тастауға тиіс. Бұрын мүлдем асфальт болмаған жерлерге тас төселеліп, жалғанады. Жалпы жұмыс жүрсе бәрі ойдағыдай аяқталады,  – деді Ербол Арыстанғалиев.

Бұдан әрі біз «Түркістан жол сервис» ЖШС-на биыл осы аты аталған көшелерді жөндеу  үшін  қалалық бюджеттен қанша қаражат бөлінгенін сұрап едік. Нақты жауап ала-алмадық. Жандәулетке де қоңырау соғып едік. Телефонын көтермеді.

ТҮЙІН:  Сонымен, «Шырылдауық шегіртке. Ыршып жүріп ән салған. Көгалды қуып гөлайттап, Қызықпен жүріп жазды алған. Жаздыкүнгі жапырақтың, Бірінде тамақ, бірінде үй. Жапырақ кетті, жаз кетті. Күз болған соң кетті күй»  деп ұлы Абай қазақшалаған Крылавтың мысалы осындайда ойға дөп ете қалсын.  Әттеген-ай десеңші?! Мамыражай мамыр айында әп-әсем басталып, кейін тоқтап қалған Аманжолов көшесінің бүгінгі сыйқы осындай! «Оралым менің, Оралым» деп жырлаған білдей ақынның көшесі  баяғыдан күйі қашып тұрған еді. «Ешкі құсап сақал сұраймын деп мүйізінен әбден айырылды». Тамылжыған тамыздың да бітуіне бір апта қалды. Қыркүйегің  бірде жаңбыр, бірде жел дейік.  Күзде бұл жолдың жөнделіп, жөнделмесі неғайбыл. «Түркістан жол сервистен» Қасым Аманжолов көшесінің тұрғындары әлі де үмітті. Қаланың қақ ортасында тұрып өткен-кеткен көліктердің қызыл шаңына көміліп,  бұрқырған топырағын үстерінен қағып, сонда да «Түркістан жолсервисінен» үмітін үзбеген бір жан…

М.ХАМЗАҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
70 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
142 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
370 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
853 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1231 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1139 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1591 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2207 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2371 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2378 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2431 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2433 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2052 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2913 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2968 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2962 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3576 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3542 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3534 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3509 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3669 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»