ОРАЛДАҒЫ АПАТТЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ
Оралдағы Ет комбинаты ауданындағы апатты деп танылған №33 мектеп ғимаратының құрылысы алдағы жылы басталатын болады. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының мамандары мәлімдеді.

Оралдағы Ет комбинаты ауданында апатты деп танылған екі мектеп бар. Олар – №31 және №33 мектеп. Қазіргі уақытта оқушылар апатты жағдайдағы №31 орта мектепте білім алып жатыр, 380 орынға есептелген ғимарат 1961 жылы салынғаннан бері күрделі жөндеу көрмеген. Техникалық сараптамаға сәйкес өткен жылы апатты жағдайда деп танылған мектепте қазіргі таңда 410 оқушы екі ауысымда білім алуда. Қаланың бұл ауданында болашақта халық көбеймесе, азаймайды. Жуырда тоғыз қабатты екі үй пайдалануға берілмек. Ш.Айталиев атындағы көшеде үш бірдей бес қабатты үйге тұрғындар қоныстанып үлгерді. Сондықтан мектепте оқушылардың саны азаймасы анық. Енді апатты ғимаратты бұзып, орнына 400 орындық мектеп салу көзделген. Қалалық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Батика Пайдинаның айтуынша, бұзу және салу жұмыстары кезінде оқушылар №32, №34 және №23 мектептерге бөлініп, білім алмақ. Қалада апатты жағдайдағы білім ошағы бір бұл ғана емес. Ал №33 мектепте оқитын 401 бала күні бүгін №2 мектепте білім алуда. Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ақжол Ақасовтың айтуынша, ескі ғимараттың орнына 300 орындық жаңа нысанды салудың жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткен.
– Құны 1,3 млрд. теңге болатын №33 мектеп ғимаратына 2020 жылы әуелі 230 млн. теңге бөлініп, құрылысы басталмақ. Ал №8 мектептің ЖСҚ-сын жасақтауға әзірге қаржы бөлінген жоқ, – деді Ақжол Ақасов.
Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектептің 483 оқушысы қазіргі таңда №37 орта мектепте білім алуда. Бұл білім ордасын жаңадан салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасауға бюджетке өтінім жолданған. Облыстық құрылыс басқармасы мамандарының нақтылауынша, №31 мектеп ғимаратының ЖСҚ-сы мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін алдағы жылы қаржыландыру мәселесі қаралатын болады. Тағы бір түйткілді мәселе – облыста үш ауысымда оқитын мектептердің азаймай отырғаны. Оралда №47, №10, №20, №18, эстетикалық бағыттағы гимназияда және Теректі ауданы Подстепный қазақ мектебінде 9486 оқушы бар. Бұл мәселені шешу үшін 4 мың орындық алты мектеп салу қажет. Соның ішінде әзірге қалада №51 мектеп ғимаратына ел қазынасынан 1 млрд. теңге қаралып, құрылысы басталды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу