8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Шілде 2020 1177 0
Қоғам

ОРАЛДАҒЫ 58 ДӘРІХАНАҒА ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

12 шілде күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  БҚО бойынша департаменті, «NUR OTAN» партиясының БҚОФ, «Aqjayiq adaldyq alany» жобалық кеңсесі басшылығы, сондай-ақ қоғам және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Орал қаласындағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді.

Мониторингпен қаланың 58 дәріханасы қамтылды, оның ішінде дәріханалардың ірі желілері («Талап» АҚ, «Провизор» ЖШС, «Рахишева Б.Р.» ЖК және т.б.), сондай-ақ қаланың шағын дәріханалары («Нурушева» ЖК, «Пиляева» ЖК, «Малаева» ЖК және т.б..) бар. Азитромицин, Тамифлю, Ингавирин, Арпефлю, Цеф III, Цефтриаксон, Левозин сияқты көптеген вирусқа қарсы және ыстықты түсіретін препараттардың жоқтығы байқалады, бұдан басқа қызу өлшегіштер де сатылымда жоқ.  Сатушылардың түсіндірулері бойынша қоймаларда тиісті дәрі-дәрмектер жоқ. Бұл ретте, көптеген дәріханаларда ұқсас вирусқа қарсы препараттардың бағасы (Азитромицин, Тамифлю, Арпефлю, Сумамед) бірнеше есеге қымбат.

Сондай-ақ рұқсат етілген баға 118 теңге болғанымен, медициналық маскалардың кейбір дәріханаларда құны 120 теңгеге сатылып жатқаны анықталды.

Бүгінгі күні Орал қаласында дәріханалар штаттық режимде жұмыс істеуде, кезектілік жоқ.

Мониторинг барысында медициналық препараттарды лицензиясыз заңсыз сату фактілері анықталған жоқ.

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
145 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
387 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»