ОРАЛДАҒЫ 5517 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Көпірден секірген әйелді құтқарған ҚР Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 5517 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі, аға сержант Асқар Нұрғалиев жоғары мемлекеттік награда – «Жауынгерлік ерлігі» медалімен марапатталды.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев батыл гвардияшыға Мемлекет басшысының атынан салтанатты жағдайда марапатты табыс етті. Министр аға сержант Асқар Нұрғалиевке адам өмірін құтқаруда көрсеткен батылдығы, жедел әрекеті және белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдіріп, бұлдан кейін де өзінің қызметтік борышын абыроймен атқаруға шақырды.
Еске сала кетсек, оқиға 26 қараша күні сағат 11.30шамасында болған еді. Сол күні аға сержант Асқар Нұрғалиев кезекті кезекшілік ауысымынан үйіне қайтар жолда көпірден Шаған өзеніне секірген әйел адамды байқаған. Дереу көлігін тоқтатып, көмек шақырып, өзі әйелді құтқармақ мақсатта өзенге секірген. Ұлан әскерінің жедел әрі оңтайлы жасаған әрекетінің нәтижесінде әйел жағаға шығарылды. Осы кезде жағалауға жәдел жәрдем мен полиция қызметкері де жеткен.
Асқардың өзі бұл әрекетін ерлік санамайды. Айтуынша, оның орнында болған кез келген адам осындай әрекет жасары анық. «Адамға көмектесу – абыройлы іс» деп санайтын Асқар Нұрғалиев Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылының тумасы екен. 2015 жылдан бері Ұлттық ұлан сапында әскери қызметте.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу