8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Наурыз 2019 2705 0
Қоғам

ОРАЛДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫС МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

«Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық ақындар айтысының бас жүлдесін алматылық ақын Рүстем Қайыртай жеңіп алды.

 

БҚО әкімдігінің қолдауымен Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы ұйымдастырған айтысқа республикалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген 20 ақын қатысты.

Жыр бәйгесі қорытындысында 10 ақынға 200 мың теңгеден шабыттандыру сыйлығы берілді. 3 ақын арнайы жүлдеге ие болды.

Оларға 250 мың теңгеден ұсынылды. Жыр бәйгесінінің жүлделі үшінші орнына 400 мың теңгеден тігілді. Оны қазылар алқасы шешімімен Түркістан облысының ақыны Бекарыс Шойбеков пен Жандарбек Бұлғақов алды.

Аламанның екінші орыны Павлодар облысының ақыны Рауан Хайдаров пен Шымкент қаласынан келген Біржан Байтуовқа бұйырып, әрқайсысы 500 мың теңгеден иеленді.

Бірінші орынды Қарағандының ақыны Төлеген Жаманов пен Алматы облысының айтыскері Хазірет Бердіхан алды. Бірінші орын иегерлеріне 700 мың теңгеден сый берілді.

Ал Бас жүлдегер атанған Рүстем Қайыртай 1 млн. теңгені қанжығасына байлады.

Атап өту керек, бұл жыр додасына Батыс Қазақстан облысынан Эльдар Ихсанов, Жансая Мусина, Мұрадым Мирланов, Айнабек Бисенғалиев, Орынбек Меңдіқұлов қатысты. Бесеуі де ынталандыру сыйлығын қанағат тұтты.

Елмұра  АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
47 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
102 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
76 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»