8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Маусым 2021 2889 0
Қоғам

ОРАЛДА «ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Орталық мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қала өміріне белсене араласуына мүмкіндік жасау мақсатында, қолдау көрсетуде жұмыстанатын болады. Жаңа орталықтың ашылуына қала әкімі Абат Шыныбеков қатысты.

ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауында «Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз» деген болатын. Бүгінде Орал қаласында 9 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан өмір сүруде. Орталық осы азаматтарға «Бір терезе» қағидасымен төрт бағытта қызмет түрлерін ұсынады. Оның ішінде әлеуметтік, психологиялық құқықтық және жұмысқа орналастыру бойынша кеңестер-ұсыныстар беріледі. Әрине, қызмет түрлері мұнымен шектеліп қалмайды. Қала басшысы Абат Шыныбеков атап өткендей, ұсыныстар болса, қызмет аясын кеңейту мүмкіндіктері қаралмақ.

– Тез дамып келе жатқан қоғамда барлық азаматтарға қолайлы жағдай, жайлы орта құру немесе өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға мемлекеттің, қоғамның қолдауын көрсететін қадамдар жасалуы қажет. Орал қаласында мүмкіндігі шектеулі жандардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін нақты істер атқарылуда. Соның бір айғағы – бүгінгі «Тең қоғам» арнаулы орталығының ашылуы. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету орталығы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттің, қоғамның әр саласының тарапынан көрсетілетін қызметтерін бір жерден алуға мүмкіндік береді. Болашақта орталықтың мазмұнын ашу, мүмкіндігін кеңейту үшін ұсыныстар керек. Осы орайда мүмкіндікке қарай немесе қоғамның жанашыр азаматтарының қолдауымен орталықтың жұмысын жандандыруға атсалысатын боламыз,  – деді Абат Абайұлы.

«Тең қоғам» қаланың орталығынан – М.Ықсанов көшесі, 46/1 мекенжайынан ашылып отыр. Бұл байырғы мейрамхананың ғимараты. Пандемияға байланысты шектеу шаралары кезінде кәсібі тұралап қалған мейрамхана иесі мемлекеттің  ұсынысына сай қызмет бағытын өзгертуге шешім қабылдап, ғимаратты әлеуметтік нысан ретінде жаңғыртқан. Осылайша нысан мүмкіндігі шектеулі  жандарға ыңғайлы жағдайға бейімделді. Ғимараттың жалпы алаңы – 323,03 шаршы метр. Жарық, кең. Кеңес беру орындары ұйымдастырылып, көмекші құралдарды алатын жандар үшін әлеуметтік қызмет көрсету порталы арқылы тапсырыс беру бұрышы жасақталған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар мұнда шахмат, дойбы, теннис ойнап, шығармашылықпен де айналыса алады.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»