ОРАЛДА «ТАБЫСТЫ МЕНЕДЖЕР» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау, мадақтау және Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымының озық инновациялық менеджерін насихаттау мақсатында жалпы білім беретін және шағын жинақты мектептер басшыларының облыстық «Табысты менеджер – 2019» байқауы өткізілді. Байқауға барлығы 16 басшы қатысты.

Байқау «Заманауи басшы: табыс формуласы» эссе жазу, «Басқарудағы менің жетістіктерім» – www.youtube.com. бетінде жарияланған бейнебаян, «Мен табысты басшымын» – интербелсенді таныстырылым, «Табысты білім беру ұйымының заманауи моделі» – жоба қорғау, Шығармашылық көрме қорғау сынды бес кезеңді қамтыды.
Қорытынды бойынша жалпы білім беру ұйымдары арасында Бас жүлдені Орал қаласы Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицей директоры Шынар Сағынғалиева иеленді. І орын – Қазталов ауданы Қараөзен мектеп-лицейінің директоры Мәншүк Жексеноваға, ІІ орын – Сырым ауданы Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешені директоры Нұржауған Күлмухановаға, ІІІ орын – Бәйтерек ауданы Белес орта мектебінің директоры Азамат Майемерге берілді. Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы орта мектеп директоры Гүлнар Бисенғалиева «Креативті басшы» номинациясымен марапатталды.
Шағын жинақты мектептер арасынан бас жүлдені Қаратөбе ауданы Егіндікөл орта мектебінің директоры Ақмарал Мұханова алса, І орын – Теректі ауданы Ұзынкөл орта мектебінің директоры Анаргүл Түтебаеваға, ІІ орын – Бәйтерек ауданы Өркен орта мектебі директоры Айгүл Қалиеваға, ІІІ орын – Ақжайық ауданы О.Исаев атындағы орта мектеп директоры Нұрлан Есболатов иеленді.
Бөрлі ауданы Бумакөл орта мектеп-балабақша кешені директоры Гүлбаршын Кұсмағамбетова «Ұтқыр басшы» номинациясымен марапатталды.
Жүлдегерлерге грамоталар, бағалы сыйлықтар, сертификаттар табысталды.
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу