ОРАЛДА ТҮЗЕТЕ-ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ЖАСАУДА
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры жыл басынан бері бизнесті жеңілдікпен несиелеу мемлекеттік бағдарламасы аясында облысымыздағы кәсіпорындарға жалпы сомасы 9,6 млрд. теңге несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша қаржылық қолдау көрсетті. Жалпы 1,3 млрд. теңге болатын 117 жобаға қор кепілдемесі берілген. Бүгін, 22 қыркүйек күні «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының БҚО филилалы өз ісін дамытуда мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлік нысандарына баспасөз турын ұйымдастырды.

«Даму» қорының демеуімен жұмысын бастаған «Шаңырақ» орталығы даун синдромы, аутизм, церебралды салдану, жүйке зақымдануы, тұтығу диагнозы қойылған балаларға түзете-оңалту қызметін ұсынады. Орталық басшысы Гүлнұр Төлегеннің сөзінше, жоспарлаған жобасын жүзеге асыру мақсатында «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасы» аясында «Сбербанк» АҚ-нан алты пайыздық жылдық мөлшерлемемен 16,4 млн. теңге несие алған. Осы ретте «Даму» қоры 60 пайыз мөлшердегі кепілдігін ұсынған. Соның нәтижесінде емдік-дене шынықтыру, массаждау, БИО-акустикалық түзету, сенсорлық, оқу залын жабдықтаған.
– Орталығымызда невролог, реабилитолог, нейропсихолог, дефектолог, логопед, ЕДШ инструкторы, массажист пен коррекциялық педагог және бастауыш сынып мұғалімдері жұмыс істейді. 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз. Нәтиже бар. Мәселен, балалар аутизмі диагнозымен өткен жылдың қазанынан бастап біздегі оңалту шараларынан өткен бала сөйлейтін, әріптер мен сандарды танитын, жаза алатын деңгейге жетті. Осылайша, биыл ПМПК оған жалпы орта білім беретін мектепке жолдама берген. Сол секілді инсульттан кейінгі оңалтудың да нәтижесі 1-2 айдың ішінде байқалды, – дейді Гүлнұр Меңдіханқызы.
Сондай-ақ «Даму» қоры арқылы қолдауға ие болған «Талап» АҚ медициналық орталықтар желісі орталықтардың бірінде магниттік-резонанстық томография кабинетін ашса, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС өндіріс көлемін ұлғайтып, панельдік радиаторлар өндірісіне арналған екінші зауытты іске қоспақ.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды

Кіру
Пікір үстеу