8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Ақпан 2021 1556 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ САЛУ ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ – А.ШЫНЫБЕКОВ

Халықпен онлайн есептік кездесуде Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков тұрғын үйлер құрылысы қарқыны бәсеңдемейтінін айтты. 

 

Қазіргі таңда қалада 21 мыңға жуық азамат тұрғын үйге кезекте тұр. Биыл мемлекеттік бағдарламалар арқылы 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілмек. Оларда – 1226 пәтер болады. Жетеуі «Отбасы» банкі арқылы ұсынылатын, үшеуі  – арендалық үйлер.

– Шаһарымызда биыл жеке инвестициялар есебінен жалпы көлемі 72 мың шаршы метрлік тұрғын үй салынуда. Биыл да тұрғын үйлерді салу қарқынын бәсеңдетпейміз, –  деді қала әкімі

Оралда  апатты үйлер мәселесі де шешілуде. Бұл мемлекет пен жеке бизнестің серіктестігі арқылы жүзеге асуда. Ескі үйлер сүріліп, орнына жаңасы бой көтереді. Қала басшысының мәліметінше, қазір жоба аясында үш тұрғын үй салынуда. Биыл апатты  үйлердің орнына тағы бес үйдің құрылысы басталады.

Сондай-ақ Абат Шыныбеков тұрғындарға әлеуметтік қолжетімділікті  қамтамасыз ету мақсатында құрылысы жүріп жатқан үйлер бойынша  әлеуметтік маңызды жобалар дайындалғанын жеткізді.

– Орал – тұрғындарға қолайлы қала болуы қажет. Облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлының тапсырмасына сәйкес, шаһардың көпшілік аудандарын бірте-бірте орталықтанған дамуға көшіру жоспарлануда. Тұрғындарды қадамдық қолжетімділік аясында әлеуметтік қызметтермен қамтуға көңіл бөлеміз. Қалада құрылысы басталған 6 үйдің 1-ші қабатын қадамдық қолжетімділік қағидатымен еркін орналастыру үшін жобалар жасақталды. Яғни, құрылысы аяқталған соң бұл тұрғын үйлердің бірінші қабатында мектепке дейінгі ұйымдар, емхана, полиция пунктері, сауда аумақтары болады деген сөз. Бұдан бөлек, жаңадан салынатын Ақжайық шағын ауданындағы 15 үйдің 1-ші қабатында еркін орналастыру қарастырылған, – деді шаһар басшысы.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
116 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
91 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»