8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Тамыз 2021 1595 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫНА 150 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Бұған дейін хабарлағанымыздай, құны 1 млн. теңгеге  дейін болатын тұрғын үй сертификатына ипотекалық тұрғын үй қарызын алу бойынша банктен өтінші қанағаттандырылған арнайы санаттағы азаматтар ие бола алады.

Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қазіргі уақытта үміткерлердің құжаттарын жинауда. Сертификат 27  тамыздан бастап берілетін болады.

Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй және жекешелендіру секторының меңгерушісі Ерлан Шайхиев мәлім еткендей, биыл Орал қаласы бойынша тұрғын үй сертификатына 150 миллион теңге бөлінген. Тұрғындардан міндетті түрде екінші деңгейлі банктен төлем қабілеттілігін анықтайтын құжаттың болуы талап етіледі.

Қазіргі таңда шаһарда әр түрлі санат бойынша 21 140 адам тұрғын үй кезегіне тіркелген. Оның 6000-ға жуығы «Көп балалы отбасылар», «Толық емес отбасылар», «Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар» санатында.

Еске сала кетейік,  «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа және Батыс Қазақстан облысы мәслихатының «Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін бекіту туралы» шешімі негізінде берілмек. Сертификатты алуға «Көп балалы отбасылар», «Толық емес отбасылар», «Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар» санатындағы және мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, агроөнеркәсіптік кешен және құқық қорғау салаларының қызметкерлері үміткер бола алады.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
58 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
52 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
107 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
82 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»