ОРАЛДА СТУДЕНТТІК БИЛЕР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ
«Татуласу сотқа дейін, сотта» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметовтың бастамасымен Қазақстан Инновациялық және Телекоммуникациялық жүйелер университетінде заң факультетінің 3, 4 курс студенттерінен «Студенттік Билер Кеңесі» құрылып, өз жұмысын бастады.

СтуденттікБилер Кеңесінің жұмысы студенттер арасындағы дауларды шешуге, жоғары оқу орындарындағы жанжалдарды азайтуға септігін тигізеді.
Студенттер арасында билер Кеңесін құрудағы басты мақсат – ел арасында шешендігімен танылған, нақты дауды ұлағатты сөздерімен ұтымды шешкен әділ би-шешендердің жолын жалғастыру, жас буын студент жастарды татуластыру жұмыстарына тарту мен оқыту арқылы татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту болып отыр.
Студенттік билер кеңесі бұл – студенттердің барлық сұрақтары мен негізгі мәселелерін шешуге арналған ұйым болып табылады.
Ұлттық құндылығымыз – билер институтын жаңғыртуды мақсат еткен бұл ұйымның негізгі қағидасы – тараптарды татуластыру, мәселені әділ шешу болып табылып отыр. Осы мақсатта студенттер аталған кеңес құрамына мүшелікке еніп, арнайы куәлік алып, төс белгілерін иеленді. «Дау мұраты – бітім» деген ұстанымды ұстанған студенттер қауымы әділ шешім шығаратындығы туралы анттарын қабылдады.


Нұргүл ҚАНАТБАЕВА,
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу