8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Желтоқсан 2019 2520 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА СЕРВИСТІК «АНТИКОР ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

Оралда ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанынан сервистік «Антикор орталығы» ашылды. Орталықтың ашылуына облыс әкімі Ғали Есқалиев, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар қатысты.

Бұл – Қазақстан бойынша ашылған жетінші сервистік орталық. Орталықты құрудағы мақсат – тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес беру және қолайлы жағдай жасау, бұл бағыттағы жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Н.Сәмет таныстырып өткендей, орталық агенттіктің және облыс әкімдігінің қолдауымен ашылып отыр. Мемлекет басшщысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында атап көрсетілген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде жұмысын бастаған орталық «Парасаттылық», «Әділдік», «Ашықтық» принципіне сай қызмет көрсетеді. Ғимараттың бірінші қабатында процестік офицерлер мен превенция басқармасының қызметкерлері отырады. Мұнда қызмет электронды кезек жүйесі бойынша жүргізіледі. Анықтама беру, хат-хабар немесе өтініштерді қабылдау, департамент басшылығының қабылдауына жазылу қызметтері көрсетіледі. Сондай-ақ қызмет алушылардың балаларына арналған бұрыш та жасақталған. Екінші қабаты – арнайы жиындар немесе баспасөз конференцияларын өткізу алаңы ретінде жабдықталған.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласына мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Халықаралық тәжірибеге сай ашылып отырған орталық та жұмыс сапасын жетілдіруге оң ықпалын тигізеді деп сенеміз. Ең бастысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға күш салу керек, – деген облыс әкімі Ғали Есқалиев орталық қызметіне сәттілік тіледі.

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдардың айтуынша, сервистік орталықтар қазір еліміздің әр өңірінде ашылуда. Мақсат – қызмет көрсетудің проактив принципін енгізу.

– Антикор орталықтарын құру тұжырымдамасын даярлау кезінде қоғаммен байланыс орнатудың негізгі талаптарын ескердік. Бұл орталық – азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысудың бірден-бір алаңы болмақ. Мемлекеттік орган басшылары мен қызметкерлерінің ашықтығы және қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. БАҚ-пен тығыз қарым-қатынас жасау мақсатында және қоғамды қолға алынған шаралар туралы дер кезінде ақпараттандыру үшін баспасөз орталығы жұмыс жасайтын болады, – деді Нұрлан Амангелдіұлы.

Ашықтық және қолжетімділік мемлекеттік органның беделіне оң әсерін тигізері анық. Қазір облыс әкімшілігі және жергілікті мемлекеттік орган басшыларының қолдауымен өңірдегі мемлекеттік органдарды трансформациялау мәселесі жоспарлы түрде жүзеге асуда. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаевтың айтуынша, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында төрт мемлекеттік мекеме «Open Space» форматына көшірілген. Олар – облыстық ақпараттандыру, архивтер және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы, Орал қаласының білім бөлімі, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, Қазталов аудандық ауруханасы.  30 мемлекеттік мекемеде фронт-кеңсе құрылды. Алты «Ашық әкімдік» құрылып отыр.

Өңірге келген жұмыс сапары барысында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар Орал қаласы №2 сотының фронт-кеңсесі, «Ақжайық –адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждегі «Адалдық дүкені» және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында ашылған студенттерге қызмет көрсету орталығымен  танысты. Сондай-ақ «Smart Uralsk» ғимаратында, «Квант» ЖШС ашылған фронт-кеңседе және мамандандырылған халыққа қымет көрсету орталығында болды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
91 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
130 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
434 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
443 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
572 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
872 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
966 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1205 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1471 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1699 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1737 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1886 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2084 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2305 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»