ОРАЛДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Орал» орталық мешітінде ІХ республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан іріктеу сайысы өтті. Бұл туралы ҚМДБ БҚО бойынша баспасөз қызметі хабарлады.

Алдымен қатысушыларға Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқи білудің сауабы жөнінде айтылып, жарысқа қатысушыларға кеңінен түсіндірілді. Сайысқа Мұратбек Мұхтарханұлы мен Ерген Қонысұлы, «Орал» медресесінің ұстазы Оразбек Жамбылұлы төрелік етті.
Құран жарысына қатысушылар толық Құранды жатқа оқудан, Құранның 20 парасын жатқа оқудан, Құранның 10 парасын жатқа оқудан және Құранды мәнерлеп оқу номинациялары бойынша бақ сынады.
Сайыс шарты бойынша үміткерлердің тәжуиді мен махражына, оқу мәнеріне мән беріліп, нәтижесінде Құранның 30 парасын жатқа оқу номинациясы бойынша Мұқамедсали Мұқамедсахиұлы, Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша Нұрмұхаммед Әбдімүтәліпұлы, Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша Рамазан Пернебекұлы және мәнерлеп оқу бойынша Мейрамбек Ақылбекұлы жеңімпаз атанып, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ІХ республикалық Құран жарысына жолдама алды.
zhaikuni.kz
Соңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу