8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Наурыз 2019 2027 0
Өзек

ОРАЛДА ПСИХОТРОПТЫҚ ДӘРІЛЕРДІ ЗАҢСЫЗ ТАРАТҚАН ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ

Психотроптық дәрі препараттарын заңсыз таратумен айналысқан 38 жасар оралдық әйел ұсталды.

11 наурыздан бастап Батыс Қазақстан облысында республикалық жедел жағдайды тұрақтандыру және есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалану, сақтау, сатып алу ережесін бұзғандардың жолын кесу бағытында «Допинг» жедел алдын алу шарасы  өткізілуде.

Үш күн ішінде БҚО Полиция департаментінің қызметкерлері ҚК-тің 296-бабы, 2-3 тармағы бойын 9 қылмыстық іс тіркеді. Сондай-ақ ҚР Әкімшілік-процессуалдық Кодексінің 424-бабы 1-тармағымен 1 әкімшілік заңбұзушылқ фактісі тіркелген.

Нақтырақ айтқанда, 12 наурыз күні Орал қаласының 1981 жылғы «Д» есімді азаматшасы ұсталды. БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ол психотропты дәрілік препараттарды заңсыз таратумен айналысқан. Тексеру кезінде оның сөмкесінен 31 құты және 11 қаптамадағы психотропты дәрілер табылған.

Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР әкімшілік процессуалдық кодекстің  424-бабы 1-тармағы бойынша (заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет) әкімшілік хаттама толтырылған.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
108 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
83 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»