8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Желтоқсан 2020 4921 0
Спорт

ОРАЛДА «ОРАЛ» ФУТЗАЛ КОМАНДАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

Бүгін Қадыр Мырза Әли орталығында «Орал» футзал командасының таныстырылымы және «Ақжайық» футбол клубы әнұранының тұсаукесері өтті. Шараға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров, спорт жанашыры, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың ректоры Асқар Наметов, спорт ардагерлері қатысып, жас спортшыларға ақ тілектерін білдірді.

«Ақжайық» футбол клубы 1968 жылдың 21 сәуірінде тұңғыш рет ойын алаңына шыққан еді. Әр уақытта «Уралец», «Нарын», «Батыс» сынды атаулары болған.
2015 жылы Бірінші лига чемпиондары, 1998, 2002, 2009 жылдары күміс жүлдегер, 2019 жылы қола жұлдегер атанып, жанкүйерлерін қуантып жүр.
Шара кезінде биылғы жыл қорытындысы бойынша үздіктер марапатталды. Онлайн дауыспен «Жылдың үздік ойыншысы» аталымы Руслан Хаировқа берілді. «Маусымның жаңа есімі» номинациясын Рысбек Қоңырав иеленді. Ал футбол орталығының бапкері Арыстан Құлтаев «Үздік бапкер» атанды. Спорт ардагерлеріне де құрмет көрсетіліп, алғыс хат ұсынылды. Сондай-ақ футбол клубы әнұранының тұсауы кесілді. Әнұранның сөзін Қуаныш Қисметов пен Абдул Рахметов жазған, әні Ербол Ақбасовтікі.

Ал жаңадан құрылған «Орал» футзал командасының мүшелері облыс бойынша 100 жас футболшылар арасынан іріктелген. Үздік 15 жас команда қатарына қабылданды. Іс-шара барыснда оларға формалары табыс етілді. барысында оларға Команданың жаттықтырушысы – Досхан Әубекеров.
Бүгін Әйтиев спортзалында «Орал» футзал командасы Ақсай командасымен алғашқы кездесуін өткізді.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
16 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
88 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
67 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
78 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
148 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»