8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қыркүйек 2018 1846 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР КӨП

Орал қаласында КПО б.в. компаниясының қаражаты есебінен кеңес дәуірінде салынған және пайдалану уақыты өтіп кеткен 2 көпірдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі 1965 жылы салынған теміржол депосы ауданында орналасқан көпір. Өткен жылы басталған құрылыс жұмыстары таяуда қала күніне орай ашылды. Алдағы уақытта, Омега зауыты ауданындағы көпірді жөндеу жұмыстары басталады. Жобаға сәйкес жолдың жүретін бөлігі 8 метрден 14 метрге кеңейеді, көпірдің жалпы ұзындығы 628 метр болады. Бұл туралы бүгін, 12 қыркүйек күні Орал қалалық мәслихатының 25-кезекті сессиясында депутаттар алдындағы есеп берген қала әкімі Мұрат Мұқаев мәлімдеді.

Қалалық мәслихат хатшысы Аққали Әубекеровтың төрағалық етуімен өткен сессия жұмысына қала әкімі, құрылымдық бөлімше басшылары мен депутаттар қатысты. Сессияның күн тәртібіне сай шаһар басшысы Мұрат Рахметұлы қалада атқарылған ілкімді жұмыстар туралы депутаттар алдында есеп берді. Қала басшысының айтуынша, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің осы жылғы Жолдауында Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын көрсетіп ғана қоймай, оны жүзеге асырудың нақты бағыт-бағдарын да ұсынды. Осы бағытта қолға алынған барлық бастамалар түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы Орал қаласында өз деңгейінде жүзеге асырылып жатыр. Шаһарымызда тұрғындар санының өсу қарқыны байқалады. 1 тамыздағы деректерге сүйенсек, қала халқының саны 306 549 адамға жеткен. Яғни өткен жылмен салыстырғанда халық саны 2%-ға көбейіп, облыс халқының 47%-ын құрап отыр. 2000 жылы Орал қаласының халқы 210 мың адамды құраған. Болжамдарға сәйкес, 2030 жылға қарай қала халқының саны – 500 мың адамды құрайды деп күтілуде. Есепті кезеңде өнеркәсіп өндірісі 89,7 млрд. теңгені құрайды, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,2 пайызға көп. Жалпы алғанда, мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында және жеке қаражат есебінен ағымдағы жылы Орал қаласында 6400 пәтерлі 43 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.

Қазіргі таңда, Орал қаласы бойынша 18 900 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Тұрғын үй жинақ банкінде 61 000 салымшының депозиттік есеп-шоты бар, соның ішінде бастапқы жарнаның 20%-ын жинаған 6000 салымшы бар. Салыстырмалы түрде соңғы үш жылдар аралығын алатын болсақ,  тұрғын үйлерді қолданысқа беру көлемі 159 пайызға артқан. Соның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 396 пәтерлі 3 тұрғын үй қолданысқа берілген. Биыл құрылыс саласына 13 млрд. теңге қаражат қарастырылып отыр. Жалпы алғанда 2018 жылы 6 400 пәтерлі 43 тұрғын үй бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, мемлекеттік бағдарламалар бойынша 3 200 пәтерлі 21 тұрғын үй құрылысы, мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі бойынша 1 400 пәтерді құрайтын 10 тұрғын үй құрылысы және жеке қаражаты есебінен (инвестор) 1 600 пәтерлі 80,5 мың шаршы метрді құрайтын 12 көп қабатты тұрғын үйдің құрылыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінде Елбасының Бес әлеуметтік бастамасының бірі «7-20-25» бағдарламасы аясында және жеке инвестициялар есебінен облыс орталығының іргесінен 425 га жерді құрайтын жаңа «Ақжайық» шағынауданын игеру басталып кетті. Жаңа ауданда 150 көп қабатты үйлерді салу көзделуде.

Қазіргі уақытта 3,9 млрд теңгені құрайтын инженерлік инфрақұрылымдар кәріз, су, электр энергиясымен қамту, жарықтандыру және газ тарту жұмыстары басталып, құрылыс жұмыстары атқарылып жатыр.  Елбасының Бес әлеументтік бастамасын жүзеге асыру аясында қаладағы оқу орындары жанынан 6 жатақхана құрылысы жоспарлануда. Болашақта 1650 студент жатақханамен қамтамасыз етілмек. Қазіргі таңда жер телімдері анықталып, жобалау жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмаларыныңғ бірі ­– апатты үйлерді сүріп, орнына жаңа тұрғын үй салу болатын. Бұл жұмыстар қалада мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында қарқынды жүзеге асуда. Қазір шаһарда 43 апатты үй, 200 ескі үй бар. Бұдан өзге жақын арада кеңес кезінен қалған 300 бесқабатты панельді үй тұрғындары ескі үйлердің қатарын толықтырады. Өткен жылы 7 апатты үй сүріліп, орнына жаңа үйлер тұрғызылса, биыл апатты деп танылған 13 үй сүрілді.  Мемлекеттік бағдарламалар аясында қала аумағында көпқабатты тұрғын үй құрылысы белсенді жүруде. Соңғы үш жылда жалпы аумағы 250 мың шаршы метрді құрайтын 4500 пәтерлік 35 көпқабатты  тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазіргі таңда жеке инвесторлармен 80,5 мың шаршы метрді құрайтын 1600 пәтерлік 12 тұрғын үй құрылысы салынуда. Бұл пәтерлер Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аясында жүзеге асып жатқан «7-20-25» бағдарламасы бойынша беріледі.

Қала аумағында жаңадан салынған шағынаудандарды қоспағанда, 386 аула аумағы бар. 2007-2017 ж.ж. аралығында 297 аула аумағы абаттандырылды. Қазіргі таңда абаттандырылмаған 89 аула аумағы қалды. Әр жыл сайын 29 аула аумағынан абаттандырсақ, үш жыл ішінде аулаларды абаттандыру сұрағын жабуға болады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 23 аула аумағын абаттандыруға жобалау-сметалық құжаттама жасақтау жұмыстары жүргізілуде, қаражат бөлінген. Ағымдағы жылы 29 аула аумағын абаттандыру жоспарланған, оның ішіндегі 2 аула аумағы Зачаганск кенті әкімдігі арқылы жүзеге асырылатын болады. Аталған бағдарлама бойынша 10 000 адам тұратын 46 тұрғын үй қамтылған. Қазіргі таңда 27 аула аумағында 6 мердігер жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда барлық аула аумақтары бойынша жұмыстар аяқталуға жақын. Бұған қоса, 3 тынымбаққа демеушілер есебінен абаттандыру жоспарланып, қала күніне орай екі тынымбақтың ашылу салтанаты өтті.  Олар  Евразия даңғылы бойынша №36 ЖОББМ ауданындағы және Ет комбинаты ауданындағы тынымбақ. Қала аумағында жаңадан салынған нысандардың берілуіне байланысты, гүлдер отырғызу аумағын да арттыру жұмыстары қолға алынбақ, мысалы өткен жылы 21 мың шаршы метр алаңда гүлдер егілсе, ағымдағы жылы 24 мың шаршы метрден аса жерде гүлзар отырғызылды.   2017 жылы Орал қаласы бойынша 20 спорттық және балалар ойын алаңдарының құрылысы басталған болатын.

2018 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жылу желілері мен сумен қамтамасыз етудегі 5 жобаға 1 487 407 мың теңге қаражат бөлінді. Елбасымыз өз Жолдауында «ақылды қалаларды» дамытудың маңыздылығын атап өтті. Осы мақсатта қаламызда 4 бағытта 15 жобалар жүзеге асырылуда: ыңғайлы қала, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, қауіпсіз қала және тұрғындармен байланыс.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында өзіңіз көрген «Ашық әкімдік» жобасы іске қосылды. Бұл бөлімдер кабинеттеріндегі кезек санын азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін кемітуге мүкіндік берген жеке және заңды тұлғалар құжаттарын қабылдап өңдеуге арналған алаң. Бүгінде «Ашық әкімдіктің» операциялық залына 65 000 тұрғын қызмет алуға келген. Күніне қызмет алушылар ағыны – орта есеппен алғанда 200 адамды құрайды.

Бүгінгі таңда туризмді дамыту мақсатында қаламызда европалық форматтағы екі заманауи қонақ үйдің құрылысы жоспарлануда. Бірі – жергілікті кәсіпкерлер есебінен, екіншісі – шетелдік инвестициялар арқылы жүзеге асырылады.

Жиынның күн тәртібіне сай бұдан соң баяндама жасаған Орал қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенова  2018 жылға арналған қалалық бюджетті нақтылауды ұсынды.

Бөлім басшысының мәліметінше, түсімдердің жылдық болжамының көтерілуі есебінен 2018 жылға Орал  қаласының  бюджеті көбею жағына қарай жалпы 3 437 515  мың теңге сомасында ұсынылады, соның ішінде, республикалық бюджеттен – 1 723 886 мың теңге (соның ішінде көбеюі 1 911 613 мың теңгеге және азаюы 187 727 мың теңгеге), облыстық бюджеттен – 673 629 мың теңге сомасында (соның ішінде көбеюі 952 255 мың теңгеге және азаюы 278 626 мың теңгеге), қалалық бюджеттен – 1 040 000 мың теңге сомасында.

Республикалық бюджет қаражаты «Ақжайық» шағын ауданының инженерлік желілерінің құрылысына 670 265 мың теңге сомасында бағытталып отыр. Қаражаттарды қайта бөлу есебінен №4,8 жылу магистралдары және қалалық су құбырлары жүйесін жалпы сомасы 363 648 мың теңгеге реконструкциялау жүргізілуде. Оқытушыларға жаңартылған білім беру стандарты бойынша қосымша ақы төлеуге 835 127 мың теңге және  қариялар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғауға  – 42 573 мың теңге бөлінген. Облыстық бюджет қаражатынан трансферттер 309 977 мың теңге тұрғын үй құрылысын бастау мен оларға инженерлік желілер тартуға, 293 126 мың теңге жолдарды күрделі жөндеуді аяқтауға, 214 230 мың теңге 29 аула аумақтарын абаттандыруды аяқтауға, 63 242 мың теңге білім беру саласына, 71 680 мың теңге халықты жұмысқа орналастыру мен оқытуға бағытталып отыр.

Қала бюджеті қаражатының негізгі бөлігі 1040 000 мың теңге сомасында Зашаған кентінде Дақ 39 тұрғын үйдің құрылысына, жолдарды реконструкциялау және күрделі жөндеуге, қала көшелерін жарықтандыру, көгалдандыру, абаттандыруға, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялауға», Деркөл кентіндегі №48 және 49 жаңа мектептерді ұстауға, №19 орта мектепті күрделі жөндеуді аяқтауға, мүгедектерді арнайы қызметтермен қамтамасыз етуге жұмсалады. Белгіленген өзгертулер есебімен қалалық бюджет  44 903 782 мың теңгені құрайды.

Жиында сондай-ақ  Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілді. Орал қалалық мәслихатының кезекті сессиясы төрағасы болып депутат Тұрарбек Тілемісов сайланды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
206 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
469 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
710 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
742 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
897 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1093 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1330 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1413 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1519 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1531 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1559 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1566 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1669 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1887 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2197 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
2083 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2195 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»