ОРАЛДА ҚОҒАМДЫҚ ЖАСТАР ТЕАТРЫ ҚҰРЫЛДЫ
Оралда «Ғасыр жастары» қоғамдық жастар театры құрылды. Жаңа театр Орал қалалық Жастар мәдениет үйі жанынан ашылуда. Қазіргі уақытта жаңа құрам алғашқы қойылымға дайындық жүргізуде.
Салатанат сарайында өткен брифингте Жастар мәдениет үйінің директоры Медет Мерғалиев жаңа театрдың құрылу мақсатын таныстырып, қоғамдық жастар театрынан үлкен үміт күтетінін жеткізді.
Жаңа театрға кастинг негізінде қызығушылық танытқан өңір жастары, болашақ актерлар қабылданған.
Театрдың алғашқы қойылымы – Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романы желісімен әзірленген трагедиялық спектакль болмақ. Қоюшы режиссеры – Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының иегері Жасқайрат Валиуллиев.
Брифингте Жасқайрат Валиуллиев спектакльге дайындық барысы және кейіпкерлер жөнінде сөз қозғады. Сахналанатын қойылымның мақсаты, оның берер ойы жөнінде де айтып өтті. Сондай-ақ, «Ғасырдан да ұзақ күн» романы желісі бойынша қазіргі заманның өмірімен ұштастырылып, жаңа стильде көрермен назарына ұсынылатынын жеткізді
Театрдың алғашқы қойылымы 23 сәуірге жоспарланып отыр.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу