ОРАЛДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР МЕН БАЗАРЛАРДЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ ҚЫСҚАРДЫ
Батыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз, коронавирус жұқпасымен науқастанғандар әлі де тіркелуде. Өңірімізде коронавирус жұқпасымен бұған дейін 776 жағдай тіркелсе, оның 22-сі бүгін анықталып отыр. Сондықтан 11 мамырдағы Қаулыға өзгерістер енгізіліп, шектеу шаралары күшейтілді. Бұл туралы бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев мәлімдеді.

БҚО бас санитарының айтуынша, жаңа Қаулыға сәйкес, бұдан былай тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Екіншіден, рұқсат етілген қызмет түрлеріне енгізілмеген ұйымдар мен кәсіпорындар қызметін тоқтатып, онлайн жалғастырады. Сондай-ақ қоғамдық көліктердің жұмыс тәртібі де өзгереді. Ертең, яғни 6-шы маусымнан бастап автобустар таңғы сағат 6.00-ден бастап 12.00-ге дейін, кешкі сағат 17.00-ден бастап 21.00-не дейін барлық санитарлық эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, кестеге сай жүреді. Ал азық түлік және азық түлік емес базарлар дүйсенбі-бейсенбі аралығында таңертеңгі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, ал жұма-жексенбі күндері сағат 10.00-16.00 аралығында жұмыс істейді. Мейрамхана, бар, дәмхана, асханаларға келушілер саны бір мезгілде 30 адамнан аспауы тиіс. Ал қорқор пайдалануға мүлдем тыйым салынады. – Әлемдік тәжірибе вирустың адамдар тығыз орналасқан жерде жұғу қаупі жоғары екенін көрсетті. Осыған байланысты сіздерден адамдар көп жиналатын жерлерге бармауды, ұйымдасқан жиындарға қатыспауды, қашықтық сақтауды, жабық үй-жайларға кіргенде міндетті түрде бетперде тағып жүруді сұраймыз. Егер осындай топтық жиындар кесірінен халық арасында коронавирус жұқпасының таралуы анықталса, заңнамамен жауапкершілікке, тіпті құқықтық жауапкершілікке тартуға әкелетінін ескертеміз, – деген бас санитар Қаулының күші бүгін түнгі сағат 00.00-ден бастап күшіне енетінін жеткізді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу