ОРАЛДА НАН БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ
Нан өндірушілер мен атқарушы билік өкілдері жыл соңына дейін нан бағасы қымбаттамайтынына сендірді.

Бүгінде Орал қаласы тұрғындарына «№1 Нан зауыты», «Талецкий», «Попков», «Доценко», «Антипов» сынды жеке кәсіпкерліктері нан жеткізіп отыр. 1 қараша күні Оралда «№1 Нан зауыты» дүкендерінде нанның бағасы 100 теңгеге көтерілген еді. Қала әкімінің орынбасары Сергей Доля осы жағдайға орай кәсіпкерлік бөлімі мен қала әкімдігінен арнайы комиссия құрылып, қаладағы барлық нан өндіру кәсіпорындарының басшыларымен кездесу өткізілгенін жеткізді.
– Барлық кәсіпорындарды аралап өттік. Нан бағасы қымбаттамайды. Бірінші сұрыптағы нанның бір бөлкесі – 70 теңге, жоғарғы сұрыптағы нан – 90 теңгеден болып қалады. Барлық кәсіпорындар жұмыс жасап тұр, ұн жеткілікті, – деген Сергей Евгеньевич «№1 Нан зауыты» да бағаны бұрынғы қалыпқа түсіретінін мәлімдеді.
«Талецкий» ЖК директорының орынбасары Антон Маркушин жыл соңына дейін өздері өндіретін нанның бағасын көтермейтінін жеткізді. Бірақ, әр өнім өз шығынын ақтауы керек.
– Қоймада бұрынғы бағамен алған ұнымыз бар. Барлығы өнімнің өтуіне байланысты болады. Бірақ, жыл соңына дейін жетеді деп ойлаймыз. Сондықтан биыл нанның бағасы бұрынғы қалыпта сақталады. Жаңа сатып алу кезінде бағаға сай көтеруіміз мүмкін. Ұн қазіргідей қымбат болатын болса, біз бағаны ұстап тұра алмаймыз, – дейді Антон Маркушин.
«Доценко» шаруа қожалығының құрылтайшысы Николай Тригубов та ұнның қоры бар екенін, нан бағасын өсірмейтіндерін айтты.
– Тәулігіне шамамен жоғары сұрыптағы 1500-1800, бірінші сұрыптағы 1100-дей нан өндіріледі. Бірінші сұрыптағы нанның бағасы 70 теңге. Екі жыл бұрын да осы бағада болған еді. Жоғары сұрыпты нан 90 теңге. Әзірге бағаны өсірмейміз, – дейді шаруа қожалығының жетекшісі.

Бүгінде ұн бағасы 15-20 теңгеге көбейген. Николай Викторовичтің айтуынша, 1 қап ұн – 4325 теңге тұрады. Басқа қосындылардың да бағасы артуда. Мәселен, «Талецкий» ЖК шекерді бұрын 180-190 теңгеге алған болса, қазір 222 теңгеге алған.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу