ОРАЛДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ 10 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНУДА
Бұл туралы Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков «Жайық үні-Жизнь города» газетіне «Қаламыздың даму жолында әр оралдықтың еңбегі зор!» тақырыбында берген сұхбатында айтты.
Шаһар басшысының айтуынша, күні бүгінге мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың саны 21 140 адамды құрайды. Соның ішінде кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз – 1878 адам. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар бөлген кезде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді. 2019 жылдан бастап аталған санат бойынша 98 адамға тұрғын үй берілген.
– Жалпы қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламалар арқылы 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, оларда – 1226 пәтер болады. Сондай-ақ қалада апатты жағдайдағы тұрғын үй проблемалары тиімді шешілуде. Бұл мемлекет пен жеке бизнестің бірлескен жұмысы есебінен жасалады. Ескі үйлер бұзылып, олардың орнына жаңалары салынуда. Ағымдағы жылы бір көпқабатты үй пайдалануға берілді, тағы бес үй салынуда, – деді Абат Абайұлы.
Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА,
zhaikuni.kz
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу