8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қараша 2019 1875 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА МЕКТЕПТЕРДІҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ТЕКСЕРІЛУДЕ

Орал қ.ПБ Әкімшілік полиция бөлімі жол-техникалық инспекциясы тобы мен ЖПҚб ювеналды полиция тобының инспекторлары Орал қаласындағы жалпы білім беретін мектептер аумағындағы жол белгілерін қарап, кешенді тексеріс іс-шараларын жүргізуде. 

 

Нақтырақ айтсақ, кеше, 26 қарашада Орал қ.ПБ ӘПб бастығы полиция майоры Алтай Құсайынов «Ескі аэропорт» ауданында орналасқан, жолға іргелес орын тепкен 37 орта мектепте болып, осы төңіректегі жол жүру белгілерін тексерді. 27 қарашада жол-техникалық инспекциясы бөлімінің мемлекеттік автоинспекторы полиция майоры Нұржан Қапизов 24 және 41, 42 және 46 мектептер төңірегіндегі жол өтпесін, жол белгілерінің түзу, жөнді орнатылуын тексеріп шықты.
– Қала ішіндегі кейбір мектептер ықшам аудандар ортасында орналасқан. Қайсібір мектептер жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктер жүретін, күре жолдарға тым жақын орналасқан. Біздер өз тарапымыздан ең бірінші кезекте жолға жақын орналасқан мектептерді есепке алып, осы мектептер қасындағы және жол жиегіне орнатылған жылдамдықты шектеу, абайлаңыз, балалар, жүгіріп өтуге тыйым салынған сияқты жол белгілерін тексереміз. Сонымен қатар, мектептердің жолға қаншалықты жақын орналасқанын ескеріп, қосымша қандай жол белгілерін орнатуға мүмкіндік бар деген сұрақтарды да қарастырамыз. Мектепке жақын орналасқан көшелердің жарықтандырылуын, жарығы көрінер көрінбес лампалардың ауыстырылуын, жол белгілерінің жарқырап, жарықтандырылуын тексереміз.Қажетіне қарай құзырлы мекеме басшыларына қатынас қағаздарын жазамыз,-дейді Орал қ.ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Жантемір Иманалиев.
27 қарашада қала ішінде 5 мектептің аумағы тексерілді. Тексерістер алдағы күндері жалғасады.
Кейбір күрмеуі қиын сұрақтар жауапты мекемелермен бірлесе шешімін табады.

Орал қ.ПБ баспасөз қызметі.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
108 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
83 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»