ОРАЛДА МҰЗДА СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ
Тұңғыш Президент күні оралдықтар Некрасов көшесінің бойындағы жасанды бассейндегі мұз айдынында жаппай сырғанауға жиналды.

Жаңа маусымның ашылуымен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров пен қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтады. Бұдан соң демалушылар арасында ойындар ойнатылып, сыйлықтар табыс етілді.
Қалада аталған мұз айдынан бөлек ашық аспан астындағы 40-қа жуық мұз айдыны құйылады. Қазіргі таңда бұқараға берілетін орындарды дайындау жұмыстары жүргізілуде. 4 желтоқсан күні қалада тағы бірнеше орында мұз айдындары ашылмақ.
Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәліметінше, қысқы маусымда «Орал» спорт клубының теңгеріміндегі 12 мұз алаңын құйылып, коньки тебу алаңдары ашылады.
Мекенжайлары:
- Строитель шағынауданы, 43-үйдің ауласы
- Ықсанов көшесі, 87-үйдің ауласы
- Матросов көшесі, 52, 54-үйлерінің ауласы
- Құрманғазы көшесі, 150-үй ауласы
- Н.Назарбаев даңғылы 203-үй ауласы
- Ларин көшесі, 10-үй ауласы
- 5 шағынаудандағы 5-7-үйлердің ауласы
- 6 шағынаудандағы, 66-үй ауласы
- Орал спорт клубы
- Құс фабрикасы ауданы
- Балауса шағынауданындағы Қалменов/Жұмыр-Қылыш көшелері.
- Қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы Шаған өзенінің оң жағалауы.
Сондай-ақ Тұңғыш Президент алаңында, қалалық мәдениет және демалыс саябағында, салық комитеті (бассейні), Мұз айдыны спорт сарайы (хоккей қорапшасы), Жастар және Стеновик стадиондарында, Мұз айдыны спорт сарайында, Атамекен, Самал, Светлячок және Евразия туристік базаларында, сондай-ақ 12 ЖОББМ аулаларында мұз алаңдары ұйымдастырылып, өз жұмыстарын атқаратын болады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу