ОРАЛДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ (фото)
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Жеңіс алаңында Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылып, мерейтой қарсаңында жаңарған Жеңіс алаңына экскурсия ұйымдастырылды.

Жеңіс алаңында өткен салтанатты жиын қан майданнан оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Бұдан соң қала әкімі Абат Шыныбеков өңір тұрғындарын Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.
– Жеңіс күні – жаһандық сұрапыл соғыста арын – байрақ, намысын – найза еткен ардагер бабаларымыздың жанқиярлық ерлікпен, қайсарлықпен жеңіс жалауын желбіретіп, бүгінгі ұрпаққа ашық аспан, бейбіт күнді аманат етіп жеткізген қастерлі мерекесі. Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз атап өткендей, «Майдан даласындағы жауынгерлік ерлік пен тылдағы қажырлы еңбекке тағзым етеміз. Бұл – нағыз батылдықтың, әскери даңқ пен патриотизмнің мерекесі. Келер ұрпақтың бақытты әрі берекелі ғұмыры үшін миллиондаған адам фашизмді жеңу жолында жанын пида етті». Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Біз ержүрек аға буынның алдында мәңгі қарыздармыз. Олардың қайсарлығы мен төзімділігінің, табандылығы мен патриоттығының арқасында бейбіт заманда өмір сүріп, жарқын болашағымызға жол аштық». Ұлы Отан соғысында Ақ Жайық өңірінен 76 мыңнан астам сарбаз қан майданда ерлікпен шайқасты, оның 55 мыңы келешек ұрпақтың бейбіт өмір, жарқын болашағы жолында қаза тапты, туған жерден топырақ бұйырмады. Бүгін біз «Мәңгілік алау» алдында Ұлы Отан соғысында туған жері мен келешек ұрпағы үшін шейіт болған қаһарман бабаларымыздың рухына мың тағзым етеміз, Отан үшін от кешкен соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, Сіздерге бүгінгі жиналған жұртшылық болып бас иеміз. Майдангерлердің Жеңіс рухы бізді де жетістіктерге жігерлендіреді, қиындықтарды еңсеріп, алға өрлеуге көмектеседі. Талай ұрпақ жаңғырып, заман жаңарса да, бейбіт заман, берекелі өмір тарту еткен Ұлы Жеңістің маңызы мен айбыны асқақтай береді. Жеңіс күнімен барша оралдықтарды құттықтай отырып, зор денсаулық, мамыражай тірлік пен ырыс-береке тілеймін! Аспанымыз ашық, еліміз тыныш, мемлекетіміз мәңгілік болсын, – деді Абат Абайұлы.
Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Гапич бұл күн тарихтағы ең салтанатты, ең қастерлі күн екенін атады. Гитлершіл Германия Кеңес Одағына шабуыл жасағанда, Кеңес Одағының халқы ұлтына, нәсіліне қарамастан жұмылып, қорғана білгенін жеткізді. Қазақстандықтардың неміс-фашист армиясын өз жерлерінде талқандауға үлес қосқанын атап өткен ардагер қан майданда опат болған қаруластарын да еске алды. Ал соғыс жылдарында Батыс Қазақстан облыстық радио комитетінде диктор қызметін атқарған тыл ардагері Меруерт Жолдықайырова 1945-тің 9 мамырында радиодан Кеңес әскерінің Жеңіс күнін елімізге жеткізгенін, халқымызды қуантқанын хабарлаған сәтін еске алды.
Салтанатты рәсім Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, майдангерлерге тағзым етумен жалғасты.
Айта кету керек, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында қаламыздағы 48 соғыс ардагеріне 1 миллион теңге көлемінде материалдық көмек берілсе, концлагер тұтқынында болғандар мен Ленинградты қорғаушыларға 120 мың теңгеден, тыл ардагерлері мен олардың жесірлеріне 30 мың теңгеден көмек көрсетілген.






Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру
Пікір үстеу