ОРАЛДА ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ҚАРАСӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН АРХИТЕКТУРАЛЫҚ ТАҚТАТАС АШЫЛДЫ
10 тамыз – Президент Жарлығымен Абай күні болып белгіленді. Бүгін қалада ұлы ақынның туған күні кеңінен аталып өтіп, шаһар төріндегі жаңартылған Абай алаңында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен салтанатты шарада ұлы ақынның қарасөздері жазылған архитектуралық тақтатас ашылды.

Шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев пен қала әкімі Абат Шыныбеков және өңірдегі зиялы қауым өкілдері қатысты. Алдымен жиналған көпшілік шаһардың бас даңғылындағы қазақтың ұлы ақынының ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Құттықтау сөз алған өңір басшысы Ғали Есқалиев ұлы Абай осыдан бір жарым ғасыр уақыт бұрын өмір сүрсе де, ұлы данышпанның шығармашылығы бүгінгі уақытпен де үндесетінін жеткізді. Қазақтың ақын қызы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгереева «Абай күнінің» айрықша маңызына тоқталып, бұл ұлттық мерекені әр адам қастерлеуі тиіс екенін атап өтті. Бұдан әрі мерекелік шараға жиналған жұртшылық қазақтың дана ойшылының қарасөздері жазылған архитектуралық нысанның маңына ойысты. Ұлы ақынның 18-ші және 38-ші қарасөздері жазылған мұндай ескерткіш тастарды алдағы уақытта Абай даңғылына көптеп қою жоспарланған. Бұл туралы мәлімдеген Орал қаласының әкімі Абат Абайұлы: – Жөндеу жұмыстары жүргізіліп, абаттандырылған Абай даңғылы тұрғындардың демалыс орнына айналды. Мұнда келушілер тынығып қана қоймай, ұлы қаламгердің тастарға қашап жазылған қарасөздерін ойларына тоқи жүреді деген сенімдеміз. Мүсіншілер дайындаған мұндай архитектуралық нысандардың қатарын әлі де көбейтеміз, – деді. Белгілі болғанындай, ақынның қарасөздері жазылған ескерткіш тасты бір ай уақыт көлемінде Ерғали Бекешов, әкелі-балалы Ерген және Аслан Жұмағұлов деген мүсіншілер дайындаған.

Қуанышты жаңалықпен де бөліскен шаһар басшысы А.Шыныбеков облыс орталығындағы Еуразия даңғылына Абай Құнанбаевтың есімін беру туралы зиялы қауым өкілдерінің ұсынысы республикалық ономастикалық комиссия тарапынан қолдау тапқанын жеткізді.

Шара барысында ұлы ақынның шығармашылығына да кезек беріліп, Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясының әншісі Айбар Қайырханов – «Желсіз түнде жарық ай», №32 орта мектеп оқушысы Таисия Костина «Көзімнің қарасы» әндерін орындады. Ал облыстық «Абай оқулары» байқауының жеңімпаздары Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқып берді. Дәл Абай бабасының туған күнінде дүние есігін ашып, 8 жасқа қадам басқан Эльназ Мержанова ақынның «Күз» өлеңін қонақтарға мәнерлеп оқып берді. Ұлы ақынның көптеген шығармаларын жатқа білетін кішкентай Эльназ өзі де анасына арнап өлең жазғанын айтты.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА



Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу